Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақ елінің өз сара жолы бар – Нұрсұлтан Назарбаев

112

Бірақ, мемлекет басшысының айтуынша, бір күннің ішінде мың жылдық шаруаны аттап кете алмаймыз.

“Америка құрама штаттарына 250 жыл болды. Осыдан елу жыл бұрын бұл елде қара мен ақ бір автобусқа отырмайтын. Әйелдер сайлауға қатыспайтын. Оны неге ұмытып кеттіңдер. Батыстағылар католиктер ғой, оның ішінде протестанттар. Протестант дегендер өзіме ғана жауап беремін, ініме, бауырыма қарызға ақша бере алмаймын, берсем несие ретінде беремін дейтіндер. Оларда ағайын-туысқан деген жоқ, бала 16 жастан үйден кетіп, өзін-өзі асырауы керек. Біз қазақ олай бола алмаймыз ғой. Өзіміздің дәстүріміз бар. Үлкенді, әйелді сыйлап, баласы әкесін, әкесі атасын қадірлеген халықпыз. Біз қазақпыз, деп мен ылғи оларға түсіндіріп келемін”, — деген Назарбаев Сингапурдың көшбасшысы болған Ли Куан Ю-дың тағдырын еске алды.

“Менің жақсы досым болған марқұм Ли Куан Ю де солай алысып өтті. Ол туралы не демеді? Диктатор, автократ деді. Қандай автократ? “Бес жыл сайын сайланып отырған адамды қалай диктатор, автократ деп атауға болады” деп ол да дәлелдеп жүрді. Сондықтан біздің өзіміздің жолымыз бар дегенім сол. Бірақ бүкіл өркениттен алшақтап кетіп, басқа жерге барамыз деген сөз емес. Өз жолымызбен басқа өркениет, өскен елдермен тең боламыз деген сөз”, — деп түйді сөзін президент.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз