Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қасымов: бірнеше рет қылмыс жасағандарды “тараптардың татуласуы” арқылы босатпау керек

113

«Соңғы жылдары қылмыстық заңнаманы ізгілендірудің төрт кезеңі өтті. Жалпы ізгілендіру саясатына қарсылығым жоқ, бірақ қылмыстар, оның ішінде ұрлық жасайтын адамдарға қатысты татуласу процедураларындағы проблема жайлы айтқым келеді.

Биылғы жылдың 11 айында қылмыстық жауапқа тартылған 88 мың адамның 27 120-сы немесе әрбір үшіншісі бұған дейін қылмыстық құқық бұзушылыққа барған. Жүргізілген талдау нәтижесінде бұрын қылмыс жасаған 27 мың адамның 63 пайызы тараптардың татуласуынан қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Яғни, 27 мыңның 17 мыңы бір рет жазадан құтылса, енді біз оларды тағы босатамыз, осылайша олар қайта бостандыққа шығады. Мысалы, 2017 жылы 570 адам 5-тен 40 ретке дейін қылмыстық жауапқа тартылған. Және солардың барылығында тараптардың татуласуы бойынша қылмыскер жауапкершіліктен босап отырған», – деді Қасымов.

Министрдің айтуынша, бұндай жағдай 2018 жылы да қайталанған. Биыл 5-тен 20 ретке дейін қылмыс жасаған 380 адам сонша рет қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

«Ұрлықты кәсібіне айналдырған осы санаттағы адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен жүйелі түрде босату жазасыздық пен біздің азаматтардың наразылығына алып келеді.

Осыған орай, бұған дейін осы негізде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған адамдарға тараптардың татуласуына тыйым салу қажет деп санаймыз. Бірнеше рет ұрлық жасап, алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге біз ұзақ уақыт бойы жұмыс атқарып, қол жеткіздік.

Осылайша, біз қылмыстың бір емес бірнеше рет жасалуын орташа ауыр қылмыстан ауыр қылмыс түріне ауыстырдық. Қазір аталған ұсыныстар Парламент қарауындағы Меншік құқығы, арбитраж мәселелері бойынша заң жобасында ескерілді. Біз депутаттар осы мәселені қолдайды және түсінеді деп сенеміз», – деді Қалмұханбет Қасымов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз