Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстазы шәкіртінің жетістік құпиясын айтты

105

Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті. -———-На этом видео представлены редкие фотографии Главы государства Касым-Жомарта Токаева, которые были сделаны в 1983 году, когда он проходил языковую стажировку в Пекинском лингвистическом университете. Уникальные снимки в своем личном архиве сохранил преподаватель университета Лю Шицинь, который делится со зрителями своими воспоминаниями.

Gepostet von Берік Уәли am Mittwoch, 14. August 2019

Сирек фотосуреттер келтірілген роликте Тоқаевтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында тағылымдамадан өтіп жүрген кезі бейнеленген.

“Бұл ЖОО КСРО-дағы беделдісі саналып, дипломаттарды оқытқан. Қазақстанның болашақ президенті Қытайда тағылымдамадан өтіп жатыр. Оқытушысы Лю Шицинь өз оқушысын білімге құштар, талапшыл әрі оқуда озат болғанын еске түсіреді”, – делінеді роликте.

Осыдан кейін Бейжің тіл университетінің оқытушысы Лю Шициньнің сөзі беріледі:  “Мен бұл университетте жаңалықтар тыңдау курсынан сабақ бердім. Бір таңғаларлығы, әлі күнге сол кездегі дәрістердің бірінен сурет сақталып қалыпты. Бұл – аудиовизуал зерттеулер класында түсірілген. (…) Белсенді, тіл табысқыш, тез арада үздік оқушылардың бірі болды. Газет оқып, өз көзқарасын білдіруді ұнататын, өте әдіпті. Дәл осы қасиеттері осындай биікке жеткізді”.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз