Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинге хабарласты.
«Мемлекет басшысы Ресейдің жаңа тарихындағы осы маңызды оқиға елдің одан әрі дамуына жаңа кезең ашқанын және дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын іске асыру, мемлекеттілікті, егемендікті қорғау және экономиканың өсуі үшін берік негіз қалағанын, сондай-ақ Ресей көшбасшысын халықтың жоғары деңгейде қолдайтынына дәлел болғанын атап өтті.
Қазақстан Президенті сондай-ақ Владимир Путинге коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес аясында елімізге гуманитарлық көмек көрсету туралы дер кезінде шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты»,
— делінген хабарламада.