Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қасым-Жомарт Тоқаев: Димаштың жұлдызы алғаш Беларусь жерінде жанды

170

Мемлекет басшысы осылайша Беларусь елімен тығыз мәдени-гуманитарлық байланыс орнатпақшы.

“Осы орайда елдер арасындағы байланыстар шығармашылық зиялы қауыммен, оқу орындарымен және ғылыми ұйымдармен қолдау тауып келеді. Біз алдағы жылы Беларусьтың атақты мәдениет қайраткерлері Қазақстанға келіп, қазақ қоғамдастығы алдында өнер көрсетеді деп келістік», – деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы кейіннен Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлері, әртістері Минскке және өзге де қалаларға баратынын атап өтті.

«Қазақстан мәдениетінің өкілдері Беларусь жерінде өткізіліп жатқан музыкалық байқауларға, театрлық әрі кинофестивальдерге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Біздің талантты орындаушымыз Димаш Құдайбергеннің жұлдызы дәл осы Беларусь жерінде жанған болатын, яғни 2015 жылы «Славян базары» байқауындағы жеңіс оның әлемдік деңгейде мойындалуына жол ашты», – деді Қ. Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз