Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қашып жүрмін…”. Әли Оқапов өзіне Ділнәз бен Мақпалдың “жабысып” жүргенін айтты

Әли өз әндеріне сын көзбен қарайтынын, тіпті жарыққа шыққан соң оларды өзі тыңдамайтынын атап өтті. Алайда кәсіби маман тіршілігін жалғастыруы деген желеумен жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

“Орындықтың үстіне тұрғызып қойып, ән айтқызатын бала болған жоқпын. Өте кеш, яғни 16 жасымда ән айта бастадым. Әркез ерте бастау керек еді деп ойлаймын.

https://kaz.365info.kz/ali-emes-islam-khyzben-ajmalaskhan-zhigittin-kim-ekeni-belgili-boldy-video-304861

 

Маған қатысты “дауысы жоқ” деген пікір жиі айтылатын. Бұл қарапайым көрерменнің де, тіпті музыкадан ешқандай хабары жоқ адамдар да, кәсіби маманның да тарапынан айтылды. Ең басында барлығы осыны ашық айтатын. Әрине ол пікірідің маған кері әсер еткені соншалық, менде комплекс пайда болды”,

– дейді Әли ағынан жарылып.

Даусымен таңғалдыра алмайтынын түсінген Әли жастарды баурап алудың өзге тәсілін тапқанын айтады.

https://kaz.365info.kz/mynau-ali-goj-roza-rymbaevanyn-yly-bir-khyzdyn-sanyn-sipap-tyr-301990

“Ақыр соңында Әли Оқапов ешқашан тыңдарманын даусымен таңғалдыра алмайды деп шештім. Әли Оқапов елді музыкамен, еңбекпен, бимен, шоумен қаратады. Сондықтан өзім де сенбеймін.

Тіпті, Ділназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова дуэт айтуға талай ұсыныс жасады. Бірақ мен әлі күнге дейін олардан қашып келемін. Себебі олармен дуэт айтуға лайық емеспін деп есептеймін.

Олар ән айту үшін жаралған адамдар. Ал мені бұл әлемге тағдырдың өзі алып келді”, – дейді Оқапов.

https://kaz.365info.kz/endi-alige-koshken-ba-akhbota-sejitmagambet-pen-ali-okhapovtyn-arasynda-ne-bar-video-288399

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз