Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қашты ғой…”. Балконнан секірмек болған қызды қағып алған жігіттер не дейді? (видео)

Қызды көрші екі жігіт құтқарып қалған. Бірі – Зуран Гандалоев, екіншісі – Қанат Серкебаев.

Гандолаев қоқыс төкпек боп қамданғанда сыңсыған дауысты естиді.

“Балконға шығып, жоғары қарасам, тоғызыншы қабаттан әйел адамның аяғы салбырап тұр. “Сен не істеп жатырсың!” деп, оның екі аяғынан құшақтап алдым. Не үшін мұндай қадамға барғанын сұрап білгім де келді, бірақ қыз үндемеді. Жалғыз өзім құтқара алмайтынымды сездім де көрші Қанатты шақырдым. Мен қыздың аяғынан ұстап, ішке қарай тартуым керек болды, ал Қанат оның денесін тосып алуы қажет еді. Солай болды да. Бірақ ол құлап бара жатып, менің өзімді төменге тартып әкете жаздады. Көршім болмаса, қолымнан келмес еді. Бірінші рет адам өмірін аман алып қалдым”, – дейді ол.

Серкебаев не болып, не қойғанын өзі де ұқпай қалғанын айтты.

“Түскі уақытта демалып жатқанмын. Көршім шақырғанын ести сала жүгіріп бардым, Зураб қыздың салбыраған аяғын ұстап тұр. “Көмектес!” деп айғайлады. Ары қарай бәрі бір сәтте болды, не болғанын ұқпай да қалдым.

Ал балконға түскен қыз зытып кетті.

Өзімен жекелей таныс емеспін”, – деді Қанат Серкебаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз