Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қаржы кеңесшісі ақшаны қалай жинау керектігін түсіндіреді

634

Айгүл Әбдірайымова, “Береке” қаржылық сауаттылық орталығы” ЖШС директоры, отбасылық бюджетті жоспарлау туралы ойымен бөлісті.

Жауапкершілік туралы

Келіспеушіліктің алдын алу үшін мен барлық отбасына кеңес жүргізіп, “қаржы министрі” кім болатынын шешіп алуды ұсынамын. Бұл жерде адамның ақшаны басқара алу қабілетіне назар аудару керек.

Біздің қоғамда отбасылық бюджет тақырыбы негізінен жабық. Ол көбіне былай шешіледі: мен ақша табамын, яғни мен ұстаймын, ал сен үй шаруасындағы әйел болсаң, ақша беріп тұрамын.

Бір жағынан, мұндай позиция да әділетті сияқты. Бірақ басқа жағы да бар: күнделікті қажеттіліктерді сатып алатын жауапты адам болса, дәл осы отбасы мүшесі неге және қанша ақша жұмсалатынын бәрінен жақсы біледі.

Отбасы бюджетінің қарапайым моделі туралы

Отбасылық бюджеттің бірнеше түрі бар — бірлескен, бөлек, аралас. Адамдар табыстарын қалай бөліп үйренгеніне байланысты. Және бір жағдайды ескерген жөн,

отбасылық бюджетті жүргізудің ең дұрыс түрі — бұл барлық отбасы мүшелерін қанағаттандыратын модель

Яғни әрбір отбасының өз моделі бар. Көп жағдайда отбасындағы жанжал ақша үшін болады. Ақша жетіспейді, немесе отбасының кей мүшелері оның жұмсалу себебімен келіспейді. Осыдан келіспеушіліктер пайда болады.

Қарапайым үлгі — шот үлгісі. Бұл отбасының барлық табысын өзіндік “конверттер” бойынша бөлу. Бұл конверттердің қандай болуы маңызды емес, шығындар процесін нақты жүйелеу маңызды.

Қауіпсіздік жастығы

Бірінші конверт — қаржылық қауіпсіздік жастығы, ол жұмсалмауы тиіс қор. Әдетте ай сайынғы табыстың 10%-ын осында жинауға кеңес береді. Менің ойымша, 2-3% да жетеді, бірақ ұдайы салып отырған жөн. Бұл ең маңыздысы. Тұрақты салып отыру үшін банкте шот ашып, оны жалақы картасымен байланыстырып қоюға болады. Сонда жалақы түскенде автоматты түрде белгілі бір сома шотқа түсіп отырады.

Мұндай “конверттің” басты міндеті — қауіпсіздік жастығын қамтамасыз ету — бұл отбасының шамамен 6 айлық шығыны

Бұл форс-мажор жағдайында әдеттегі өмір салтынан бас тартпай-ақ өмір сүруге мүмкіндік береді. Мысалы, отбасы мүшелерінің бірі жұмысынан айырылған жағдайда.

Екінші конвертте біз жалпы табыстың 20% жинаймыз. Яғни ойын-сауық, демалысқа. Өзіңді энергиямен толықтырып, демалу қажет.

Мақсатты шығындар мен жинақтар

Екі конверттен қалған соманы пайыздық қатынаста екі бөлікке бөлеміз. Бұл 70-те 30, 80-де 20 немесе 55-те 45 болуы мүмкін.

Бір бөлігі өмір сүру үшін, яғни міндетті шығындарға — коммуналдық қызметтер, несие, тұрғын үйді жалға алу және т.б. жұмсалады. Бұл міндетті шығындар, себебі оларды төлемесек әрі қарай өмір сүру қиындайды.

Қалған қалдық балабақшаға, мектепке, көлікке, байланысқа, азық-түлікке, киімге, денсаулыққа кетеді.

Енді ақшаның екінші бөлігін аламыз. Бұл ақшаны 50-де 50 арақатынаста тұрақтылық пен жинақтауға бағыттаған жөн. Яғни, жартысын инвестицияға саламыз — пассивті кіріс жасау (бірінші конвертпен шатастырмау — қауіпсіздік жастығы).

Екінші жартысын ұзақ мерзімді мәселелерді шешуге қалдырамыз. Бұл демалыс немесе қандай да бір ірі зат сатып алуға жинақтау болуы мүмкін.

Бұл схемада отбасылық бюджетті жүргізудің қарапайым моделінің жүйелілігі және отбасында құрылған қаржылық ережелерді мүлтіксіз ұстану маңызды.

Инвестицияда алтын ереже бар — тұрақтылық. Депозитті алайық. Көп адамның басты қатесі — тұрақсыздық. Яғни, адам бір рет ақша салдым, болды деп ойлайды. Қаласа — толтырады, қаламаса — толтырмайды. Ақша айналымда жүргені дұрыс.

Несие туралы

Несие аларда ай сайынғы төлемнің қанша болатынын анықтаңыз, және үш ай осы соманы жаратпаңыз. Сонда отбасылық бюджетке бұл салмақ сала ма, жоқ па — ұғасыз.

Екінші ұсыныс. Егер сізде бірнеше несие болса, жалпы төлем сомасын есептеп, кесте жасаңыз. Әрбір несие бойынша пайыздық мөлшерлемесін, қашан төлеу керектігін жазыңыз. Егер қандай да бір несие басқаларға қарағанда эмоционалдық ауыртпалық жасаса, оны бөлек белгілеңіз.

Қай несие ең қымбат, соны анықтаңыз, оны ертерек жабу үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырыңыз. Бұл несие жабылған жағдайда да,

барлық несиені өтеуге бөлінген жалпы соманы төмендетпеңіз

Осылайша, қалған кредиттер тезірек жабылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз