Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Қарыздан да, қатын ал…». Шағын несие қазақтың түбіне жете ме?

234

Ұлттық банк мәліметтері бойынша,

ел халқы мен бизнес субъектілерінің шағын қаржы ұйымдары алдындағы берешегі 187,5 млрд теңгені құрайды екен

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 27,6 млрд теңгеге артыпты. Несие алып, банктердің табалдырған тоздырған ел, енді ШҚҰ-ларды жағалай бастаған. Ал бұл, өз кезегінде, бұл саланың қарқынды дамып келе жатқанын ғана емес, сондай-ақ халықтың әл-ауқатының күрт төмендеп кеткенін айғақтайды.
https://kaz.365info.kz/khatynbyz-goj-khyzygasyn-da-kredit-alyp-palege-yryngan-khyz-304553
Шағын несиенің үстеме пайызы банктікінен әлдеқайда жоғары болатыны бесенеден белгілі. Бірақ халық мұндай қадамға баруға мәжбүр.

Өйткені берешегін уақтылы қайтармағаны үшін банк несие бермейді, ал ақша қажет.

«Қысылғаннан қыз болдық» демекші,

мәжбүрлік қыспаққа алғанда қазақтар несиесін алып, баласына қатын әперіп, үйін салады. Сөйтіп, қажетін алған соң, “әйтеуір бір төленеді ғой” деп, өзін-өзі жұбатады, алдайды.

Табысты бизнес

Оның үстіне, шағын қаржы ұйымдары қарыз ақша сұрап келгендердің төлем қабілетін банктер сияқты егжей-тегжейлі тексеріп жатпайды.

Соның салдарынан бір басындағы бес-алты кредитін төлей алмай, «қара тізімге» ілінгендерге тағы да шала баюға мүмкіндік бар.

Нәтижесінде қоғамымыздағы қалыптасқан жағдай халықты сүліктей сорған ШҚҰ-лардың өркендеуіне, олардың көбеюіне әкеп соғуда. 2018 жылғы 1-маусымдағы деректерге сәйкес, олардың ортақ активтерінің көлемі бір тоқсан ішінде 11 пайызға артып, 221,8 млрд теңгені құрапты.

Еліміздегі ең ірі ШҚҰ — KMF-тың активтері 114,7 млрд теңгені құрайды. Бұл әлбетте, үлкен сома – қазақстандық банктердің ширегінде мұндай қаржы жоқ.
https://kaz.365info.kz/olar-bylaj-zhasajdy-ylttykh-banktin-eks-khyzmetkeri-bankterdin-bylygyn-ashty-267188
Атап айтарлығы,

шағын несие ұйымдарының активтері ғана емес, сонымен бірге табыстары да еселеп артуда. Мәселен, үстіміздегі жылдың сәуір-маусым айларында ғана ШҚҰ-лар 4,7 млрд теңгеге жуық табыс тапқан.

Нәтижесінде, ШҚҰ-лардың 1-жартыжылдықтағы бөлінбеген кірісі 7,9 млрд теңгеден асып түсті.

Салыстырмалы түрде алсақ: 2017 жылы бұл көрсеткіш 9,8 млрд теңгені құраса, 2016 жыл ол небәрі 3,7 млрд теңгені құраған.

Дегенмен, ШҚҰ-лардың барлығы бірдей табысты деуге болмайды. Ұлттық банк мәліметтері бойынша, 1-жартыжылдықта еліміздегі 148 шағын қаржы ұйымдарының 40-ы шығынға ұшыраған. Ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша 149 ұйымның 35-і жылды шығынмен аяқтаған.

Бұл саланың қауіп-қатері көп болса да, қазір бұл халықты аяусыз тонап,  өте қомақты табыс әкелетін бизнес болып отыр.
https://kaz.365info.kz/vypusknojga-akhsha-tap-ajtpese-erkekpen-zhatam-korshinin-khyzy-ne-dejdi-262734

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз