Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
15
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

“Қартайыпты”. Энтони Джошуа Владимир Кличконы нокаутқа түсірді (видео)

Жекпе-жекті тікелей эфирден “Интер” мен “Матч ТВ” арналары көрсетті.  Алғашқы бірнеше раундта боксшылар ара-қашықтықты сақтап, сақ болды. Қос боксшы да бір-біріне соққы жасап жүрді. Бесінші раундта ұлыбританиялық боксшы Кличконы нокдаунға түсірген, алайда айтарлықтай басымдыққа ие бола алмады. Оның үстіне, украиналық оң қолымен күшті соққы жасады. Рефери оған да нокдаун санады.

Осыдан кейінгі раундтарда боксшылар жақыннан жұдырықтаса бастады. 11-ші раундта ұлыбританиялық украиналықты екі рет нокдаунға түсіріп, кейін соққыны үдете бастаған. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркелгенін көрсетті. Осылайша Джошуа 19 жекпе-жегінде 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Ол белбеуін қорғап, бос тұрған WBA Super титулын жеңіп алды. Владимир Кличко болса кәсіпқой бокстағы бесінші жеңілісіне ұшырап отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=I00eO_wQKz8

 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз