Қарағандыда ана іздестірілуде. Ол 1 жастағы нәрестесін ауруханаға тастап кеткен. Жүрек талмасымен ауыратын баласын емдетуге жатқан ол екі күннен соң үйіне кеткеннен оралмапты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Келіншек үйдегі қараусыз қалған 5 баласын бағуға кеткен көрінеді. Жұпыны тірлігін сылтау қылыпты. Қайтып келмегені де содан екен. Ал ауруханада күтімсіз қалған дімкәс нәресте 15 күннен бері құлындағы даусы шығып елдің мазасын әбден қашырған. Палатада кішкентайларымен жатқан әйелдер тастанды баланың жаялығын ауыстырып жұбатқан болады.
“Жолдасым табыс табу үшін ұзақ уақытқа кетеді, балаларға бас-көз болатын ешкім жоқ» деген сылтау айтады. Үнемі осы. Жауапкершілік деген болуы керек қой. Біз осы жайттардың барлығын комиссия қарауына беріп, оны аналық құқығынан айыру мәселесін көтердік. Нәрестені балалар үйіне өткізуді де сұрап отырмыз”,-деді педиатр Юлия Доможирова