Қарағанды облысында жол қозғалысы мәдениетін арттыруға бағытталған «Үлгілі жүргізуші» акциясы жалғасып жатыр. Патрульдік полиция қызметкерлері ережені қатаң сақтап жүрген жүргізушілерді тоқтатып, алғыс білдіріп жатыр.
Солардың ішінде ерекше көзге түскен тұлға – 30 жылдық тәжірибесі бар Светлана Швачкина. Ол үш онжылдықта бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған әрі жол-көлік оқиғасына ұшырамаған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Светлана бүгінде №95 мектеп-гимназиясында жас инспекторлар үйірмесіне жетекшілік етіп, балаларға жолдағы жауапкершілік пен қауіпсіздікті үйретеді:
«Жол қауіпсіздігін мектеп қабырғасынан бастап түсіндіру өте маңызды. Ережені қатаң сақтаңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар және қарсы бағытқа шықпаңыздар», — деп Светлана жүргізушілерді сақтыққа шақырды.