Алматыда ірі ойын-сауық паркінің құрылысы екі жыл ішінде басталады. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсеналиев айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
«Қазақстанда Диснейленд сияқты ғимарат жоқ. Біз де сондай орталық ашқымыз келеді. Бірақ , біздікі ерекше болады. Біз онда дәстүрлі ертегі мен аңыздағы кейіпкерлерді пайдаланғымыз келеді», – деді Дүйсеналиев.
«Оның атауы «Хеппилэнд» болады. «Диснейлентке» ұқсас. Бұл парк ең алдымен отбасылы және балалы адамдардың демалуына жағдай жасау. Ғимарат Алматыдан 40 километр қашықтықта, Қапшағай жақта орналасады. Құрылысқа 190 гектар жер берілді.
Егер жоба іске асса, Қазақстанда тағы бір туристік орын пайда болады. Оған қазақстандық қана емес шетелдік туристерде қызыға келетін болады,”-дейді ол.