Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қаны бір қарайсын”. Оңтүстікте енесінің зәресін алмақ болған келін қылмысқа барды

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Абай полициясының кезекші бөліміне Қазығұрт ықшам ауданында ұрлық болғаны туралы хабар түсті. Жәбірленушінің мәліметінше, үйге бетперде киген үш адам басып кіріп, „өлтіреміз„ деп қорқытып, ақша мен әшекей бұйымдарды алып кеткен.

Полицейлер күдіктілерді іздеуге кіріскен, соңында жәбірленушінің өзіне шыққан, себебі ІІД мәліметінше, ол қылмыс туралы жалған мәлімет берген.

“26 жастағы әйел таяуда енесімен қатты ұрсысып қалып, кек алу үшін „үйім тоналды„ деп жалған хабар берген. Әйел адам ақша мен әшекей бұйымдарды жертөлеге тығып қойып, үйді әдейі шашып, полицияға ұрлық туралы хабарлаған”, – деді ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы (“Көрiнеу жалған сөз жеткiзу”) бойынша іс қозғалды. 2017 жылдың басталысымен ОҚО полицейлері ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабы (“Көрiнеу жалған сөз жеткiзу”) бойынша 16 қылмыстық істі сотқа жіберген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз