Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қаңтардағы Қырғызстан: шегарадағы атыс пен сөз бостандығы үшін күрес

594

Қаңтар айының 9 мен 10  күндері Қырғызстан мен Тәжікстан шегарасының маңындағы жағдайдың тұрақсыздығы туралы белгілі болды. Қолда бар  деректерге сәйкес Тәжікстан азаматтары қырғызстандықтардың үйлері мен көліктеріне тас лақтырып, бүлік шығарған. Кейін елгісіз біреулер шегарашылар мен құқық қорғау органдарына қарсы қару қолданып, оқ атқан.

Қырғызстан азаматтары бұған жауап ретінде  Ош — Баткен — Исфана тас жолын жауып тастады. Бірақ күштік құрылымдар араласқаннан кейін жолды ашуға мәжбүр болады.

Бірнеше күн өткеннен кейін Бішкектегі парламент ғимаратының жанында наразылық шеруі өтті. Жиналғанған халық ел президенті Сооранбай Жээнбековтің шегарадағы жағдайды бақылауға алуын талап етті. Ел халқы  сегізінші қаңтарға дейін демалса, парламент мүшелерінің 13 қаңтарда ғана жұмысқа шыққанын атап өту керек. Қақтығыс болған күні,10 қаңтарда, депутаттардың ешқайсысы бұл жағдай туралы пікір білдірмеді.

Ұрыс-керіс алаңы

Сонымен қатар Қырғызстан мен Өзбекстан шегарасындағы Жалал-Абад облысында да текетірес болды. 6 қаңтар күні таңертең Ала-Букин ауданына қарасты Көк-Таш ауылының тұрғындары мен Өзбекстан шегарашыларының арасында жанжал шықты.

Қырғызстанның шегара қызметінің айтуынша жанжалдың шығуына қырғыз бақташыларының рұқсат етілмеген жерге мал жаюы себеп болған.  Мал іздеуге шыққан жергілікті халық пен шегарашылардың араларында дау-дамай туындап, шегарашылар ескеру  мақсатында оқ атады. Екіжақты келіссөздердің барысында жағдай реттеліп, мәселе шешімін тапты.

Қырғызстан мен Қазақстан шегарасында тағы да ұзын сонар кезек қалыптасты

Жылдың басында «Ақ тілек» БӨБ  (Қазақстан мен Қырғызстан шегарасы) арқылы тауарлар мен жүктерді тасымалдауға қатысты жағдай тағы да ушығып кетті. Нәтижесінде ауыр жүк көліктерінің кезегі бірнеше километрге созылды. Кептелістің орын алуына қазақстандық тараптың ауыр жүк көліктерінде навигациялық бітеменің болуын талап етуі себеп болған.

Өткен жылдың соңында мемлекеттік шегараны кесіп өтуге қатысты жаңа ереже  қабылданған. ҚР жаңа заңнамасына сәйкес Қазақстан шегарасы арқылы электронды бітемесі бар транзиттік жүктер ғана өткізіледі. Ал Қырғызстан тасымалдаушыларының бұл туралы хабары болмаған.

Орын алған жағдайды жедел реттеу мүмкін болмағандықтан, шегараның маңындағы жүк көліктері мәселенің шешімін апталап күтуге мәжбүр. Жақында, 21 қаңтар күні Қырғызстанның вице-премьер министрлері Жеңіс Разаков пен Замирбек Асқаров жүк көліктерінің иелерімен кездесіп, Қырғызстан мен Қазақстан аумағындағы жағдаймен танысты. Олардың айтуынша,

Қазақстандық тарап шегарада қосымша тексеру өткізу туралы шешімді біржақты тәртіпте қабылдаған

Жауапты мемлекеттік органдар жағдайды реттеу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Қалай десек те осы мәселеге қатысты соңғы шешімнің қабылдануын келесі айдың соңына дейін күтуге тура келеді.

Сөз бостандығы

БАҚ өкілдерінің бірі  Қырғызстандағы ықпалды Матраимовтарға қатысты тексеру материалдарын жариялаған үшін соттасып жатқанда, Бішкекте журналистерге жәбір көрсетуілді. 9 қаңтар күні күндізгі уақытта астанада FactCheck.kg сайтының бас редакторы Болот Теміровты соққыға жығып кетті.

Белгісіз үш жігіт журналиске шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алған. Журналистің өзі бұны «қорқыту әрекеті» деп атады.  Одан біраз уақыт бұрын Factcheck.kg ресурсында Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы басшысы Райымбек Матраимовтың жұбайы туралы журналистік тексеру материалы жарияланған еді.  Журналистер ашық дереккөздерді пайдаланып, Матраимовтардың байлығын, атап айтқанда Дубайдың ең қымбат аудандарының бірінде орналасқан сән-салтанатты апартаменттерін және «люкстік» сөмкелері мен сағаттарын  ашық көрсеткен болатын.

Теміровке шабуыл жасалғаннан кейін Қырғызстанның медиақауымдастығы биліктен батыл шаралар қабылдап,  қарақшылық шабуылдың соңында кім тұрғанын анықтауды талап етті. Бірнеше күн өткеннен кейін осы факті бойынша төрт күдіктінің ұсталғаны белгілі болды, олардың біреуін Болот Теміров таныды. Әзірге тексеру жұмыстарының құпиялылығын сақтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Болаттың өзі де іске қатысты басқа деректерді  жарияламай отыр.

Экс-президенттің тағдыры

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты бұлтарпау шарасы 2020 жылдың 15 наурызына дейін ұзартылды. Көшпелі сот отырысы ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратында болды. Адвокаттар Қырғызстанның экс-президенті өзін нашар сезінетінін желеу етіп, бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш білдірді. Сондай-ақ «Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, өз қызметін тоқтатқан президентті қамауға алуға болмайды» деп мәлімдеді. Алайда сот өтінішті кері қайтарды.

Жазылмас дертке шалдыққан авторитет

2006 жылы тамызда қылмыстық ортада танымал Азиз Батукаевтың дүние-мүлкі тіркіленіп, 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

2013 жылы 9 сәуірде Нарын қалалық соты қылмыстық ортада беделді Батукаевты мерзімінен бұрын босату турал шешім қабылдайды. Сот дәрігерлердің Азиз Батухаев емделмейтін аурумен ауырады деген қорытындысын негізге алған.

Осы іс бойынша сол уақытта бас прокурор Аида Салянова, Вице-премьер Шамиль Атаханов мен Денсаулық сақтау министрі Динара Сағынбаева қамауға алынған болатын. Тергеушілерге көмектесуге келіскеннен кейін, қылмыстық істің тағы бірнеше қатысушыларының жазасы жеңілдетіліп, үй қамағына ауыстырылды.

2019 жылы жазда бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа Батукаевтың ісі бойынша ІІМ Тергеу қызметіне келуін талап етіп, үш шақыру қағазы жіберілді.  ІІМ мәліметі бойынша

 Батукаевты босатуға Атамбаевтың өзі тікелей тапсырма берген

2019 жылдың 7 тамызында МҰҚК-нің арнайы жасағы экс-президенттің резиденциясын басып алды. 8 тамызда Атамбаев өз еркімен құқық қорғау органдарына берілді. Оған Қырғызстан Республикасының ҚК 5 бабы бойынша, соның ішінде Батукаевты босату ісіне қатысты айып тағылды.

Шетелдіктер бұрынғы президентке көмектесе ала ма?

Экс-президенттің тағдырын Қырғызстан ғана емес, шетелде де бақылап отыр. Өткен аптада, 17 қаңтарда, елге Социнтерннің Бас хатшысы Луис Айала келді. Оның мақсаты — соңғы бір жарым жылда болған іске зерттеу жүргізу. Соның ішінде ҚСДП мен елдің бұрынғы басшысына қатысы бар телеарналарға тыйым салуға байланысты жағдайды бақылау.

Сондай-ақ, бас хатшы саяси тұтқындар мен резиденцияда болған оқиғадан зардап шеккен адамдармен кездесті. Кездесуге экс-президент пен басқа да саяси тұтқындардың адвокаттары қатысты. Луйс Айала БҰҰ-ға саяси тұрғындарды босату туралы талап қоямын деп уәде берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз