Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қанатжан Әлібеков – Американы 28 миллион долларға «лақтырған» қазақ

454

Әлібек 1992 жылы Америкаға кетіп, тасы өрге домалаған бизнесмен атанған. Қалайша дейсіз бе?

КСРО-ның бактериялық қару бағдарламалары туралы құпия ақпаратты АҚШ қорғаныс министрлігіне ашып беріп, қорғаныс министрлігінің бюджетімен ортақтасқан.

Одан бөлек, Әбіләзовтың ақшасына Украинадан фармацевтикалық фабрика ашу жөнінде жоспар құрған екен. Мақалада былай делінген:

Әлібек КСРО-ның құпияларын сатты

Кеңестік бұрынғы әскери ғалым Ресейден қашып, Америкада миллионер атанды. Аса қауіпті эпидемия келе жатыр деп,

жоғары шенді саясаткерлер мен ғалымдардың басын қатырды.

92 жылдың күзінде Қанатжан Әлібеков АҚШ-қа көшіп, өзімен бірге КСРО-ның бактериялық қару өндірісі жөніндегі материалдарын ала келді.

Ол микробиология докторы, Кеңес Армиясының полковнигі және дәрігер, «Биопрепарат» бағдарламасына тікелей қатысқан.

Әлібеков америкалық барлауға Ресей аумағынан сыртқа шығатын ғалымдардың өте қауіпті екенін айтыпты. Кейбіреуі Ирак пен Солтүстік Кореяға кетті, енді ол елдерде сібір тырысқағы мен қарашешек ауруларының штаммы шығады, деп ескерткен.

Өтірігі ашылды

Американың кей шенеуніктері Кенге әлі де құдайдай сенеді. Бірақ соңғы оқиғалар Әлібектің «шындықты жайып салғанына» үлкен күмән келтіреді. Өйткені

әлі күнге дейін Ирактан ешқандай бактериялық жаппай қырып-жою қауры табылған емес.

Сонымен қатар, Кеннің сенсациялық деген ғылыми нәтижелері де алқа бағалуы кезеңінен өте алмады. Оның иммун жүйесін күшейтуге арналған таблеткаларды интернет арқылы тарату талпынысы да ғалымдар тарапынан үлкен сынға ұшырады.

10 ай бұрын Кен Вирджиния штатындағы университеттердің біріндегі Бактериялық қорғаныс орталығының атқарушы директоры креслосынан кетті. Креслоға таласқан басқа ғалымдармен бәсекеге шыдай алмады.

АҚШ-ты қорқытып ақша тапқан

Американы террористер мен бактериялық қарумен қорқытқан Әлібек енді ақша табудың жаңа жолдарын іздей бастайды.

Өзінің мәлімдеуінше,

ол федералдық грант түрінде 28 млн доллардан астам қаражат алған.

Көмекті ресми көздерден алған. Ақшаның бір бөлігін Оңтүстік Калифорниядағы бір конгрессмен бағыттаған екен.

Сондай-ақ, Әлібекке көп көмектескен Нью-Джерсидегі бір конгрессменнің екі көмекшісі үкіметтен кетіп, Кеннің коммерциялық кәсіпорындарының біріне жұмысқа кіріп алыпты.

Бүгінде Әлібек АҚШ үкіметінен жаңа байланыстар іздеуде. Бактериялық қару мен терроризмге қарсы күреске қатысы бар деген тұлғаларды тағы жағалап жүр. Бұл жаңа жобалар ел қазынасына ондаған миллион долларға түсуі мүмкін.
https://kaz.365info.kz/nen-bar-ej-bizde-nege-osy-najmanga-soz-ajtsan-ornynan-atyp-tyrady-298740

Кен Әлібек деген кім?

Әлібек биыл 56 жаста. Американың терроризммен күресін жағалаған миллиардтаған долларлық үлкен бизнестің белді ойыншысы. Бұрынғы коммунист және кеңестік офицер қалай өзгерген, ә?

Әлібек Алматыда туып-өскен. Томскінің мединститутына түскен. Дипломын ала салысымен кеңес үкіметіне шақырылды. Уақыт өте микробиология саласында диссертациясын қорғаған.

1987 жылы оны бактериялық қару жасайтын құпия бағдарлама – «Биопрепарат» жетекшісінің орынбасары етіп тағайындады.

1991 жылдың 11 желтоқсанында Әлібек пен оның кеңестік әріптестері тәжірибе алмасу үшін Мэриленд штатындағы Форт-Детрикке келеді. Бұл жерде АҚШ әскерінің инфекциялық ауруларды зерттейтін медициналық институты орналасқан (U.S. Army Medical Research Institute of Infectious Diseases (USAMRIID).

Ең жоғары деңгейлі тұлғалармен тез тіл табысқан Әлібек АҚШ-қа оңай көшіп кетті. Оның USAMRIID директоры, ғалым-энтомолог, АҚШ Армиясының полковнигі Чарльз Бэйлиге ашқан құпиялары пысықай жігіттің тағдырын күрт өзгертті.

Дереккөз

https://kaz.365info.kz/najman-zhigitteri-khuatty-keledi-eken-ekspony-sekspo-zhasagan-eki-ajeldin-angimesi-271111

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз