Кәсіпқой боксшы WBO NABO мен WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Қанат Исламның бесінші баласы дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Былғары қолғап шеберінің көп балалы әке атанғаны туралы Инстаграм желісінде хабарланды.
«Team QAZAQ-та үлкен қуаныш. Қанат Ислам 5-ші рет əке атанды», – делінген боксшы командасының ресми парақшасында. Алайда жазбада спортшының отбасында нақты кімнің дүниеге келгені айтылмаған.