Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-16
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Қалыңдығынан айырылған жігіт бәсекелесін атып тастады

Іс материалына сәйкес, шілдеде Жаңа жол ауылының тұрғыны «Лада-Приора» маркалы көлігіне травматикалық тапанша салып, ауыл ішінде жүрген.

«Жолда Ф. есімді азамат А.М. және А.А. есімді ағайындыларды кездестіреді. Жігіттер арасында жанжал туады. Бұған себеп А.А. есімді азаматтың құда түскен қызының Ф. есімді азаматпен қашып кетіп, соған тұрмысқа шығуы болған», – дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осыдан кейін жігіттер кездесетін орын белгілеп, кездесу арты төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде Ф. есімді азамат травматикалық қарудан оқ атып, қарсыласын жеңіл жаралаған. Ал ағайынды жігіттермен еріп келген А.Р. есімді ер адам 16 калибрлі аңшы мылтығынан Ф. есімді жігітті атқан. Салдарынан ол бытыра оқтан көптеген жеңіл жарақат алған.

Сот отырысы кезінде Ф. өз кінәсін толық мойындады, ал А.Р. есімді күдіктіге қатысты іс бөлек қаралады.

Сот шешіміне сәйкес, Ф. есімді азамат кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз