Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қаламай тұрса не керегі бар?”. Әйтімова қызға “қырғидай тиетін” депутат туралы пікір білдірді

133

Картинки по запросу леонид слуцкий домогательства

“Егер екі жақты сезім тең болмаса, қандай қамқорлық немесе ілтипат болуы мүмкін? Егер қыз қаламай тұрса, оған қайта-қайта бара берудің не қажеті бар? Өз сезіміңді біреуге тықпалаудың қажеті жоқ. Әсіресе, қызметтік қарым-қатынаста бұл ереже сақталуы керек”, – дейді Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова.

Алайда, оның айтуынша барлығымыз адам болғандықтан, жақсы көру, ұнатып қалу сезімдерінен қашып құтыла алмаймыз.

 

https://kaz.365info.kz/zheke-omirim-dep-khoyady-tyrik-zhigitine-zhabyskhan-khazakh-khyzy-298799

“Егер біреу жақсы іс тындырса, оған жағымды пікір айтып, мақтап қоюдың еш әбестігі жоқ. Тек этика нормаларынан аттамау керек”, – деп сөзін қорытындылады ол.

Ал парлмент сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлікті тұрақты дамыту комитетінің мүшесі Мұратбай Жолдасбаев батыста мұндай жағдайдың жиі кездесетінін атап өтті.

“Батыс актрисалары көбінесе, өздерінің сексуалдық зорлыққа ұшырағанын айтып жатады. Бұл сол жақтан келген сарын деп ойламын. Ал біздің елде кеңестік тәртіп әлі де болсын сақталған. Оларға қарағанда, әйелге деген сый жоғары.

Қалай болғанда да, сұлу әйелдерді ұнатпау мүмкін емес. Тура сол сияқты, әйелдер де ер азаматтарға көз қырын салады. Бұл биологиялық түрде қалыптасқан. Әрине, егер арсыздыққа барса, онда жазалануы керек”, – деді сенатор.

 

https://kaz.365info.kz/kej-yzdar-nege-bireudi-k-jeuine-mar-242555

Қазақстандағы жалғыз әйел-генерал Сәуле Айтпаева болса қазақтың ұл-қыз тәрбиелеудегі ерекшелігіне тоқталып өтті.

“Бұл – біздің рухани байлығымыз. Қараңыздаршы, біздегі жастар ересектермен бірге Кемероводағы жағдай үшін уайым жеп отыр.

Екіншіден, бұл – әрбір адамның ішкі және сыртқы мәдениетіне байланысты. Егер қыздар еш себеп бермесе, азаматтар да оған сыйластықпен қарайды.

Әрбір адам алдында тұрған нәзік жанды біреудің қарындасы, анасы немесе қызы екенін естен шығармауы керек. Өз жақындарымыздың жүрегін жаралағымыз келмейді ғой”, – дейді сенатор.

https://kaz.365info.kz/yyatsyz-eken-ozi-khyskha-kiyuge-khymar-medbike-auruhanadan-khuyldy-264135

Еске салсақ, осыған дейін екі журналист депутат Лернид Слуцкиді азғындық әрекетке барды деп айыптаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз