Алматы облысында үш жасар қызды қорлау оқиғасына қатысты іс қозғауға негіз болған қылмыстық бап өзгертілді.
Алматыда өгей әкесі тістеп тастаған қыздың суреті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Жазба авторының сөзіне сүйенсек, ер адам өгей қызының мұрнын тістеп, жұлып алыпты. Зардап шеккен бүлдіршін жиырма күндей дәрігерлердің қарауында болған.
https://kaz.365info.kz/anasynyn-kinasi-ogej-akesi-3-zhastagy-khyzynyn-myryn-etin-tistep-zhylyp-algan-297511
Алайда 12 қаңтарда қылмыстық бап 106-шы (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) болып өзгертілгені анықталды.
“Талғар АІІБ қызметкерлері оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның үстіне қоғамның назарына ілінгендіктен, облыстық департамент те істі ерекше бақылауына алды”, — деп хабарлады Алматы облысы ішкі істер департаменті ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Қазіргі уақытта полиция сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Тергеу барысында бұрын ұрлық жасап, әйелді зорламақ болғаны үшін сотталған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде “Міндетті түрде келу” таңдалды.