Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қалай қырып тастаймын?”. Балғынбек Имашев өзін “уаxабист” дегендерге жауап берді

200

https://kaz.365info.kz/onyn-sozi-bokhpen-ten-ajgyl-orynbek-tazabekovke-tagy-tiisti-me-282971

Айтыстан алыстап кетті деп мені басқа-басқа тіпті әкемдей болған Жүрсін Ерман көкемнің өзі “сектаға” кіргізіп жібере салады. Ол кісіге не деп ренжиін? Сақалды жиырмадан жаңа асқанда Жүрсін ағама ұқсағым кеп, еліктеп қойғанымды ол кісі біле ме екен?

Өз атам Имаштың да, әкем Қалидың да сақалы болған. Намазды 11 сыныпта жұмаға барып жүріп, мешітте үйренгем.

Ел “уаxабис” деп ойлап қалады екен деп жиырмада қойған сақалымды 40-тан асқанда қырып тастамаймын ғой.

Қазақтығымды мақтан етіп басымнан тақиямды тастаған емеспін. Қазақша етік киіп едім “Балғынбек қысқа балағын көрсетпеу үшін, аяғына етік киіп алатын болыпты” деп өсектеді. “Төрт тоқалы бар екен, алты ашынасы бар” екен деді. “Батаға бетін сипамайды екен” деді, “Беташарды xарам деп айтқан” деді. Қысқасы, кімнің аузына қақпақ боламыз?

https://kaz.365info.kz/kelinnin-salem-saluy-shirk-tazabekovtin-osylaj-degeni-ras-pa-277279

Ақталайын десең қисынсыз өтірікке бола неге уақыт кетірем деп ойым теңселіп қалады, ақталмайын десең сол сөздерге ел сеніп қалады.

Кейбіреулер ” ақындар жағымпаз” дейді. “Нұротанның бұлбұлы, сарай ақыны” дейді. Елбасымызды мақтап, саясатын қолдап, етегінен тартпай, балағынан қаппай жүрсек, бәрі – Аллаға деген иманымыздан.

https://kaz.365info.kz/tazabekovty-bylaj-bakhylajdy-dintanushy-asyl-arna-onimderine-khatysty-shyndykhty-ajtty-288110

Басшыға бағыну, қарсы келмеу – Құранның аяты, Құдайдың бұйрығы. Әйтпесе, 25 жыл саxнада жүріп, Мәскеуде жырлап, Парижде сайрап, Африкада айтыссақ та мемлекет тарапынан орден не медаль, қайраткерлік атақ та, сыйлық та алған емеспіз. 

Балғынбек Имашевтың “Ақжол” газетіне берген сұхбатынан

Ақынның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз