Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Қайырымдылық керуені» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады

155

Бұл туралы бүгін конкурстың ұйымдастырушылары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Баспасөз конференциясына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Қазақстанның Іскер Әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, Нұр-Сұлтан қ. Іскер Әйелдер қауымдастығының Басқарма мүшесі Сандуғаш Бекжігітова, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин қатысты.

Конкурстың ұйымдастырушылары: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығы, «Хабар агенттігі» АҚ, Республикалық «КТК» телеарнасы және «Өқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың айтуынша:

«Екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл конкурс арқылы Елбасы Қоры адамгершілік құндылықтарды, қайырымдылық және гуманизм идеяларын насихаттайды. Біз жүрегі кең азаматтарымызды, бүгінгі күннің нағыз батырларын халыққа көрсетіп, таныстырғымыз келеді. «Қайырымдылық керуені» жобасы азаматтардың үлкен ықыласына ие болғаны қуантады. Өткен жылы комиссияның қарауына еліміздің барлық аймақтарынан 97 өтініш келіп түсті».

Баспасөз конференция барысында конкурсқа қатысу ережелері нақтыланды. Оған әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосып жүрген, өздерінің игі істерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Қайырымдылық қызметін мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) іске асыратын кәсіпкерлік субъектілер және жеке тұлғалар конкурсқа қатыса алмайды.

Қазақстанның Іскер Әйелдер Қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева азаматтарды конкурсқа қатысуға шақырды.

«Қайырымдылық керуені» біздің елімізде көпшілікке танымал бола бермейтін адамдар, батырлардың көп екенін көрсетеді. Олардың іс-әрекеттері баршамызды таңдандыра отырып, мысал бола алады. Егер сіз мұқтаж адамдарға көмектесіп, қиын жағдайда батылдық танытып, пайдалы іс-шараны өткізуге көмектескен болсаңыз, бұл сайыс сіз үшін!».

Өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 2 қыркүйегінен 29 қарашаға дейін жалғасады. Өтінімдерді іріктеу жұмысы биылғы жылдың желтоқсан айында жасалады. Конкурстың жеңімпаздары 2020 жылғы ақпан айының соңында – Алғыс айту күні қарсаңында анықталады.

Айта кету керек «Қайырымдылық керуенінің» жеңімпаздары бес номинация бойынша анықталады: «Асар» (қайырымдылық қызметі халықтық салт-дәстүрлермен байланысты болу керек), «Туған жер» (туған жерге білім, экология және абаттандыру салаларында, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т. б. саласында көмек көрсеткендерге), «Батыл жүрек» (ерлік, қайсарлық танытқан адамдарға), «Мейірім жолында» (өз еркімен, өз қаражатына адамдарға көмек көрсеткен жеке және жаңды тұлғаларға), «Қайырмалық Тарихы» (қоғамның назарын әлеуметтік проблемаларға аударатын материалдарды ұсынатын, БАҚ-та қайырымдылық тақырыптарын үздік жариялаған журналистерге немесе шығармашылық топтарға беріледі).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз