Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қайынапаларым күйеуімді өзіме қарсы қояды

101

Күйеуімнің екі әпкесі бар. Қайынапайларым бөлек тұрады, бірақ жиі келеді. Солар келіп, кеткен соң күйеуім маған ұрсып, ұрып тастайды. Сосын төркініме қуып жібереді. Осымен екінші рет солай болды. Не жетпейтінін түсінбеймін, тамақтың түр- түрін жасаймын қолымнан келгенше. 86 жастағы апасына қараймын,  үйленбеген 60 жастағы ағасына қараймын. Не істерімді білмеймін.

 

Басқасының бәріне шыдауға болады, бірақ өз күйеуіңнің себепсізден себепсіз ұрғанына шыдау мүмкін емес секілді, сондықтан кетіп қалғым келеді. Тіпті қызымды менен тапқан жоқсың деп мойындамайды. Мен ШҚО-да ауылдық жерде туып-өскенмін.  Семей қаласына барып жұмыс пен уақытша баспана тауып алсам деген ойым бар. Қандай жұмыс болса за істей беремін. Қызымды бала-бақшаға беремін. Маған көмектесетін жандар табылар ма екен? Кетіп қалмасам, күйеуім бір күні мені өлтіреді.

 

Аноним 

Дереккөз:  alashainasy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз