Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
6
USD
429
+2.03
EUR
500
+3.00
RUB
5.44
-0.06

“Қайын жұрттан ұят болды”. Дастан Оразбековтің жары Жанарға қатысты шындықты айтты

309

«Витаминін ішіп, дәрігерге уақытысында барып, сәл бірдеңе уақытысында дұрыс болмай қалса шырылдап қалып жатырмыз. Бірақ, енді менен әлдеқайда артық ойлайтын анасы. Біз енді жұмыс бабымен анда шапқылаймыз. Кейде, бұзықшылық жасап үйге де келмей қоятын кездер болады», – дейді Дастан Оразбеков.

Үйге жиі қонбауы, әлде түрлі картиналарда сан-алуан актрисалармен ойнауы сеп болды ма, Оразбековтың айналасында қауесет қарша борады. Соңғысы, Дастан Жанар Дұғаловамен «көңіл жарастырды» деген ақпарат. Серінің өзі инстаграм парақшасында бұл әңгімені жоққа шығарып, арнайы пост жазды.

«Қазаққа тән дүние, бір сөзді естіп қалса іле кететін. Менің жарымның уайымы аздау болсын деп, кішкене мынандай жағдайда жүрген уақытта бір аса нервісі ұстамасын деп жазған болатынмын

, – дейді Оразбеков.

«Жанарды жақсы танимын. Ондай қауесетке мән бермеймін, бергім де келмейді. Бәрін айт та, бірін айт. Қайын жұрттан ұят болды. Қайын бикелерімнен ұят болды», – дейді Дастанның жары Жанат Оразбекова.

Оразбековтер отбасында біраз түсініспеушілік туындатқан мәселе ақыры оң шешімін тапты. Енді, екі айдан соң дүниеге келер сәбиді асыға тосып жүр. Жанат ханыммен бірге Динара Қырықпаева да бесік тербетпек. Сылқымның да екінші перзентіне аяғы ауыр. Дастанның «Ордалас» досы – Ерболат Беделхан да таяуда төртінші рет әке атанады. Бұған қоса, Ақбота Керімбекова да көпбалалы аналар тізіміне жақында қосылып қалуы мүмкін.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз