Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қайтыс болған күйеуінің ноутбугын ашқан әйел өз көзіне өзі сенбеді

432

Эммаға жазылған хаттың мазмұны мынадай еді:

Қымбатты Эмма! Егер сен бұл хатты ашқан болсаң, мен үйге қайтпадым деген сөз. Саған деген махаббатымды тағы да жеткізе алмадым деген сөз. Мен сені қатты сүйемін, өмір бойы сүйіп өтетін боламын. Жаныңда болмасам да, саған жоғарыдан қарап жүретінімді ойлап, көңлім жай табады.

Мен әрдайым сенің жаныңдамын, менің рухым сенімен бірге. Қазір қиналып отырғаныңды білем, бірақ сен мықтысың ғой. Ұмытпа, Құдай біз үшін қалай жақсы деп тапса, соны істейді, бізге тек жақсылық тілейді. Мұның бәрі кездейсоқ болған жағдайлар емес. Сену қиын, білем, бірақ соған көзің жететін күн келеді. Мен үшін сенің орның маңызды, соны біліп жүр. Жанымда сенен өзге қамқор, сұлу, мейірімді жарды елестете алмаймын.

Сенімен өткізген әр күнім – өмірімдегі ең керемет шақтар. Мүмкін өмірім тым қысқа болған шығар, бірақ мен әркімге бұйыра бермейтін ең керемет күндерді бастан кештім, шексіз бақытты болдым. Себебі, әлемдегі ең мінсіз жар маған тиесілі боды, ең сүйкімді, ең тәтті қыз менікі болды. Тіпті ең адал иттер менде болды. Бұдан артық не керек? Жаның жабырқаса, екеуміздің бақытты сәттерімзді есіңе ал. Біздің қызымызға қара да, оның асқан сұлулығын көр. Қызымыз үшін мықты бол. Әкесі оны қатты жақсы көретінін күнде есіне салып жүр.

Оның дүниеге келген күні менің өмірімдегі ең бақытты күн болды. Оның күлкісі, жымиғаны – менің өмірімнің ғажабы. Әкесі оны әрдайым қорғап жүретінін білсін. Сені шексіз сүйемін, Эмма. Бақытым осымен тәмам деп ойлаушы болма. Бақытыңды іздеуді жалғастыр. Бұл мүмкін еместей көрінеді, білемін, бірақ еңсең түспесін. Алда сені жақсы күндер күтіп тұр. Кайли екеуің әлі де талай бақытқа кенелесіңдер. Сенің күйеуің, Тодд.

Келесі хат Кайлиге тиесілі, мазмұны мынадай:

Қымбатты Кайли, күнім менің! Мені есіңе түсіре алмайтын шығарсың, бірақ әкеңнің сені қатты жақсы көретінін ұмытпа. Сен 9 айлық болғанда мен Ауғанстанға аттандым. Сені тастап, алысқа аттану мен үшін өте қиын болды.

Сен менің күнімсің ғой, барымсың, құдайдың берген ең керемет сыйысың. Сенің дүниеге келген күнің – менің өмірімді түбегейлі өзгерткен күн. Сен күлген сайын, мен ерекше бақытқа кенелемін. Менің өмірімді жарық күнге айналдырған асыл қызым, сенің қалай өскеніңді көре алмайтыныма қатты өкінемін. Бірақ, есіңде сақта – әкең әрдайым жаныңда.

Сен әлемдегі ең бақытты қызсың, себебі сенің керемет анаң бар. Тәртіпті қыз болып, анаңа қашан да қолғабыс бол. Әр түні анаң үшін дұға ет. Біз сені бар жан-тәнімізбен жақсы көреміз. Мектепке барғанда, көп ізденуге, көп білуге ұмтыл. Айналаңа қамқорлықпен қара, мейіріміңді төк, сол кезде табиғат саған бар жақсылығын төгеді. Егер бәрі сен қалағандай болмаса, ұмытпа, Құдай саған ненің керек, ненің керек емес екенін жақсы біледі.

Сенің болашағың жарқын. Өмір сүр. Көңіл көтер. Әкең сенімен мақтанады, сені жақсы көреді. Үлкен махаббатпен, әкең.

Хатты оқыған Эмма әлемге жар салуды ойламаған, алайды бұл хаттар жақынын жоғалтқан өзге адамдар үшін күш беруі мүмкін. Сөйтіп, әлеуметтік желіге таратты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз