Канаданың Торонто қаласында қайтыс болған әйел табытта жатып бала туды. Жерленер алдында жүкті әйелдің қайтыс болғанына бір тәулік болған екен. Жерлеу кезінде табыттан баланың жылаған дауысын естігендер табытты ашып, ішінен баланы шығарып алды, деп хабарлайды vladtime.ru.
Аурухана дәрігерлері ана мен ішіндегі бала қайтыс болды деген анықтама берген. Мәйіт моргке жеткізіліп, суық жерде 17 сағаттан астам уақыт жатқан.
Ертесі күні жерлеу рәсімінде табыттан жылаған баланың дауысы шығып, оны табыттан шығарып алған.
Мәйітте туылған бала тірі қалды. Өлі дененің ішінде бала қалайша тірі қалған деп дәрігерлер таңдануда. Бұл шынымен де бұрын-соңды болмаған жағдай.