Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қайрат Омаров: Солтүстік Кореяны ядролық қарудан ада ету – ортақ іс

133

Сондай-ақ Қайрат Омаров Ауғанстанда, әсіресе солтүстігінде, Ирак пен Левант лаңкестік тобы содырларының саны артқанына назар аударды. Бұл Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігіне де қатер төндіруде. Сол себепті жаппай қырып жою қаруына қатысты барлық мәселелерді шешуде саяси сенім мен жүйелі ұстаным болуының маңыздылығын атап өтті.

Бұл жөнінде қаңтар айында өткен Қауіпсіздік Кеңесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген болатын. АҚШ делегациясы Солтүстік Кореяға қарсы халықаралық санкциялар тәртібін сақтау қажеттігін айтқан. АҚШ өкілі Никки Хейлидің айтуынша, келіссөздер жүргізілгенімен Корей түбегін ядролық қарудан арылтуға қол жеткен жоқ. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің көбі қос Корея мемлекеттері арасындағы қатынастардың жақсарғанын атады. Ресей өкілі Василий Небензя Мун Чжэ Ин мен  Ким Чен Ын арасындағы екіжақты келіссөздерін құптады. Қазақстан Корей түбегін ядролық қарудан арылту ісін жүзеге асырудың маңызды шарты ретінде өзара сенімді күшейту деп атаған.

Бүгінде Корей түбегіндегі жағдай бұрынғымен салыстырғанда едәуір жақсарды. Қарусыздану бойынша нақты тәжірибесі бар Қазақстан ядролық қарудан арылу ісі қаншалықты күрделі екенін түсінеді. Барлық тараптарды сабыр сақтап, Корея түбегін ядролық қарудан ада етуге бағытталған ортақ ісімізді жүзеге асыруға шақырып отырмыз,

– деді БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаров.

Шындығында, ХХІ ғасырда әлемді жаһандық ядролық соғыс қатерінен арылтудың парасатты баламасы жоқ.

Бұл туралы «Ядролық қарусыз әлем қалыптастыру» атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев айтқан болатын:

“Жер өркениетінің дамуы, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңіне тым тақап келген Төртінші индустриялық революция, ядролық қаруды таратпау және жою міндетін адамзаттың аман қалуы мәселесіне айналдырып отыр.

Қазіргі кезде әлемдік ядролық жанжал алдындағы жалпыға ортақ қауіп сезімі ішінара ұйқыға кеткендей. Кейбіреулер алдыңғы онжылдықтарда қалыптасқан халықаралық уағдаластықтар жүйесіне үміт артады.

Бірақ шындық мынадай: қабылданған шарттар ядролық клуб державаларының ХХ ғасырдың ең соңында кеңеюіне кедергі келтіре алмады.

Халықаралық құқықта, өкінішке қарай, атомды әскери қолдануға тыйым салатын режімді айналып өтуге мүмкіндік беретін көптеген екіұштылықтар бар. Планетаны ядролық суицид қатерінен азат етудің жолы жеңіл болмайтыны айтпаса да түсінікті. Ол түбегейлі ментальді өзгерістерді, жаңа көпжақты саяси шешімдерді, халықаралық қатынастарда сенімнің жоғары деңгейін талап етеді. Мұқият дайындалып жасалған бағдарлама мен бүкіл әлемдік қоғамдастық іс-қимылының үйлесімді алгоритмдері қажет екенін атап көрсетті.

Біріншіден, ХХІ ғасырда адамзат дамудың жаһандық қауіпсіздіктің ажал құштырар сын-қатерлері тіпті де планетада жинақталған ядролық қарудың саны емес, оның бар болу фактісінің өзі болып табылатын нүктесіне жетіп отыр.

Оның халықаралық лаңкестер қолына түсу ықтималдығы әлденеше есе қауіптірек. Және бұл әлемнің барлық елдерінің таратпау үдерісіне жаппай қатысуы үшін айтарлықтай аргумент болып табылады.

Екіншіден, ядролық таратпау және қарусыздану үдерістеріндегі табыс немесе сәтсіздік әлемдік қоғамдастықтың мелитаристік анохранизмді еңсере білу қабілетіне тікелей тәуелді. Болуының өзі арандатушылық пен мағынасыздық туындататын әскери блоктарды өткеннің еншісінде қалдырған жөн. Өзімнің жалпыәлемдік соғысқа қарсы шаралар туралы көзқарасымды мен әлемді бірте-бірте демилитариязациялау үшін негіз бола алатын «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесімде мазмұндап бердім. Мен планетаны ядролық өзін өзі жою қатерін шешімді түрде төмендету мүмкіндігін осыдан көремін.

Үшіншіден, әскери қуаттардың осындай түрлеріне де-факто ие барлық мемлекеттердің қатысуымен ядролық арсеналды қысқарту үдерісін көпжақты қылу қажет. Оған қазіргі таңда «табалдырықтағы» топқа жататын мемлекеттердің ядролық мәртебелерін толық заңдастыру алғышарт қалауға тиіс. Барлық ядролық державалар Ядролық қару-жарақты қысқарту туралы шарт қалыптастыру бойынша келіссөздерге кірісуі керек.

Төртіншіден, ХХІ ғасырда ядролық қауіпсіздіктің халықаралық құқықтық базасы өз негізін нығайтты. Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2015 жылдың 7 желтоқсанында, адамзат тарихында алғаш рет Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Қазірде ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі барлық халықаралық құқықтарды кодификациялаудың маңызы зор. Ядролық державалардың атом қаруына ие болудан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ, ядросыз мәртебесіне ие мемлекеттерге кепілдіктерінің заңдық тұрғыда міндеттейтін жүйесін дамыту қажет. Ядролық қаруға ие болуға және таратуға қарсы қатаң шаралар қолданудың нақты жұмыс істейтін механизмін қалыптастыру керек. Мұндай көпжақты келісімдерді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларымен бекіткен орынды. Қазақстан БҰҰ-ның ядролық қаруға толық және жаппай тыйым салуына қол жеткізу үшін іс-қимылдар жасауда.

Бесіншіден, бізге ірі державалармен және күштердің жаңа орталықтарымен арадағы қарым-қатынастарды реттейтін жаңа механизм қажет. Оның сыртында дау-жанжалдардың алдын алу үшін жаңа халықаралық ұйымдар құру немесе қазіргі бар институттарды реформалау қажет деп есептеймін.

Ірі державалар арасына қатысты дағдарыстарды басқару жүйесін құру керек.

Сондай-ақ, қару-жарақтың қарапайым түрлері мен жаңа әскери технологияларды таратуға бақылауды күшейтудің де маңызы зор. Мен бүкіл үкіметтерді ядролық қауіпсіздік негізін құрайтын халықаралық шарттар мен институттарды одан әрі нығайту бойынша жаңа міндеттемелер қабылдауға шақырамын. Мен, сондай-ақ, бүгінде өз елдері мен халықтарының өкілі болып табылатын барлық парламентшілерді де осы іске белсенді атсалысуға шақырамын.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшесі ретіндегі қызметі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі осы және өзге де шараларға арналатын болады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше, ядролық қарудың ең үлкен арсеналына ие мемлекеттерге бүкіл әлем алдында айрықша жауапкершілік жүктеледі. Біз дәл сол мемлекеттер осы жұмысқа басшылық жасап, үлгі көрсетуі тиіс деп санаймыз.

Алтыншыдан, ядролық қауіпсіздікті күшейтуге, ядролық қаруларды сынауға және жетілдіруге қарсы кең ауқымды қоғамдық қозғалыс ядролық қатерден арылу ісіне жаңа серпін беруі тиіс”, деген болатын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз