Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қайрат Нұртастан қалам ба?”. Төреғали бұдан былай келіншегін көрсетуге уәде етті

310

 Үш жыл бұрын ақ келін атанған Төреғалидың жары-Толқын. 2014-ші жылы ата-анасының ақ батасын алып ұзатылғанымен, ақ көйлек кимеген қалыңдық Төрешке талай мәрте ренішін білдірген.

 «Мен ақ көйлек кимедім ғой, біздің той болмады ғой деп наразылығын білдірген кездер болды. Шыдамның да шегі бар дейді ғой.

https://kaz.365info.kz/makhsat-ysenov-bir-aj-birge-bolganym-yshin-magan-pater-aperdi-adelya-kim-281127

Қанша сабырлы болғанымен ақ көйлек кию әрбір қыздың арманы ғой» – дейді жұбайын жұмбақ жанға айналдырған xитмен.

Бір қызығы, Қайратпен Төреғалидің құпиясы қатар ашылып отыр. Естеріңізге сала кетсек, жақында Нұртасұлының да жұбайы Жұлдызды дүйім жұртқа таныстырған болатын.  Бірге түскен фильм жарыққа шыққаннан кейін Жұлдыздың өзі де бөлек өнер адамы атанып кетуі әбден мүмкін.

 «Жоқ, бұл сәйкестік шығар мүмкін. Қайрат кино түсіріп жатыр ғой. Менікі кино емес енді. Мен осыны күттім, 25-ке келіп, бір концерт жасап, 30 күн ойын, 40 күн тойын жасап, ат шаптырып, күрес ұйымдастырмасақта менің бұл міндетім ғой. Міне, сол осы уақытқа сәйкес келіп қалған сияқты», – дейді Төреғали.

https://kaz.365info.kz/bayan-makhsatkhyzy-ekinshi-ret-azhyrassam-tagy-kitap-zhazamyn-281116

Иә, бұдан былай Төреғали жұбайын жасырмайды. Айта кетейік, Төреғали мен Толқынның дүбірлі тойы қазан айының 17-ші жұлдызына жоспарланып отыр.

 «Тәуелсіздік алғаннан бері, тәуелсіздігінен айырылған еркек жалғыз мен емеспін ғой. Ол әрбір жігіттің отау құру, ұрпақ сүю, ата-анаңа келіннің қолынан шай ішкізу, немере сүйдіру өмірге келгендегі міндетіміздің бірі ғой. Мен елімнен, жұртымнан, ақ бата алғым келеді», – деп құпиясымен бөліскен Төреғали, бүгінде тойға қызу әзірлік жүргізіп жатқандарын жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз