АҚШ-та Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Филадельфиядағы концертке композитор Марат Омаров пен әнші Қайрат Нұртас қатысты. Қайрат алғаш рет АҚШ-та Қазақстанның туын көтерді.
Осы сапарға онымен бірге анасы және продюсері Гүлзира Айдарбекова да аттанды. Продюсер өзінің Instagram парақшасында сапардан алған әсерімен бөлісті.
“Сүйінші, Қазақ елі! Бүгін АҚШ еліндегі Филадельфия қаласында алғаш рет Қазағымыздың көк туын желбіреттік! Қазақстан елінің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Елім-жерім деп, қыршын жандарын қиған қаншама азаматтарымыздың жандары жәннатта болсын! Жаса, Қазақстан!”- деп жазды ол.
“Баршаңызды бүгінгі егемен еліміздің Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Мен тәуелсіздікпен бірге өсіп келемін және еліміздің алған асуы мен бағындырған белесі өте көп. Соның бірі шүкір бүгін сіздермен жүздесіп, осынау алып мемлекеттің төрінде көк байрағымыздың көтеріліп жатқаны. Мен үшін осы күнді сіздермен осында атап өту үлкен бақыт!”, — деп әлеуметтік желідегі парақшасында әсерімен бөлісті Нұртас.