Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
454
0.00
EUR
509
0.00
RUB
5.65
0.00

Қайран, октябрят, пионер, комсомол…

488

Оқып көріңіз. Мұнымен сіз де келісетініңізге кәміл сенемін.

«Осы біздің елде “Жастар саясаты”, “Жас отан” деген ұйым ба, басқарма ма, бірдеңелер бар иә?

Ал жастар идеологиясы бар ма???

“Ұлттық идеология” деп зар илегенімізге 30 жылдың жүзі болды.

Жарайды, бүгінгі биліктің ұлттық идеология жасауға құлықтары жоқ екен, сауаттары жетпейді екен, білімсіз екен, біліксіз екен…

Ал енді жастар идеологиясын қалыптастыруға болар еді ғой, солай ма?

Біздің жастар – келер ұрпақ қандай идеологиямен тәрбиеленуде?
https://kaz.365info.kz/khatynbaj-men-kharynbajlar-bizdin-baj-baglandarymyz-kim-328555

  1. Мектеп, ЖОО былай қойғанда, балабақшадан пара беруге баланың да етін үйретеміз.
  2. “Өмірдің мәні – байлық” деген түсінікті балабақшадан миына сіңіреміз. Адалдық, адамгершілік, достық туралы ертегіге балаларымыз да сенуден қалған…
  3. Көретіні – жауыздық туралы, атыс–шабыс, өлтіру, қанын ағызу туралы мультиктер мен фильмдер.
  4. “Бала құқығы” деген батыстың “заңы” пәле боп жабысты, ата–аналарын, ұстаздарын тепкілейтін, сотқа беретін ұрпақ келді.
  5. Оқымай–ақ, еңбек етпей–ақ баюды мақсат ететін буын өсіп жетілді.
  6. Интернет, интернет–клубтар, түнгі клубтар, ол жерлерде таратылатын “дәрілер” ұрпақты аздырып, тоздырып, түбіне жетіп жатыр…
  7. Дін атын жамылған сан алуан ағымдар жастарымызды көкпар ғып өңгеріп, ту–талақайын шығарып, жан–жаққа жұлып әкетіп жатыр…

….Мұндай әлеуметтік, қоғамдық құлдыраулардың, жас ұрпақты түпсіз терең шыңырауға батырып жатқан құбылыстардың жүз түрін тізуге болады…

Қайран, октябрят, пионер, комсомол!.. Біздің бойымызға тек адамгершілік, шыншылдық қасиетті дарытқан жақсы идеология едіңдер… сендерді құрдымға жіберіп алып, 30 жылдан бері орындарыңды алмастыратын балама компас таппай сансырап келеміз…

ФБ–да бір Шәнжархан Sanjar Kerimbai бір институттың жұмысын атқарып отыр. Соны көрер Білім министрлігі бар ма??? Соқыр, керең болмаса, Санжармен бірігіп жұмыс істеп, мектеп бағдарламасына оның мол қазынасынан қарпып алып, енгізер еді ғой…

Әй, бірақ… Халық жауларына айттың не, айтпадың не?!!…
Бөлісіңіздерші….».

Рас-ау.

Жастар саясаты дегенді қалай түсінесіздер? Оны қалай жүргізу керек деп ойлайсыздар?

Ақшарқат Ахметбек
https://kaz.365info.kz/samopal-rezhisserler-kobejip-ketti-talgat-temenov-298529

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз