Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қайдан ғана әкелдім!..”. Өзім деген Жиэнбеков Атамбаевты бұрышқа тықты

 

Текетірес ушыға түсті

Қырғызстан жыл сайын 7-сәуірде 2010 жылғы революция кезінде қазаға ұшырағандарды еске алады. Биыл осы еске алу шарасына қатысушылар қазіргі ел президенті арнайы шақырған елдің қос экс-президенттері – Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаевты күткен.

https://kaz.365info.kz/bylaj-tyrshy-sooronbaj-atambaev-bilikke-talasa-bastady-309659

Билік сабақтастығын айқындайтын осы үш саясаткердің аталмыш шарада көпшілік алдында төбе көрсетуі жаңа саяси дәстүрдің қалыптасуының жақсы бастауы болатыны анық болатын.

Бұдан бөлек,

Атамбаевтың шараға қатысып, ел алдына шығуы Жиэнбеков екеуінің арасындағы алауыздықтың соншалықты ушықпағанын көрсетуші еді.

Бірақ Қырғыз елінің төртінші президенті шараға келмеді. Сөйтіп, өзін жайсыз сезінгенін сылтауратқан ол өзінің мұрагерімен арада орын алған текетіресті ушықтыра түсті. Бұл күні мемлекет басшысының қасына басқа саяси тұлға – былтыр Атамбаев осындай шараға шақырмаған, елдің тағы бір экс-президенті Роза Отунбаева жайғасты. Саясаткерлердің осындай орын ауыстыруы қырғыз саясатындағы орын алып отырған келеңсіз өзгерістердің қаншалықты терең болғанын айқын көрсетті.

https://kaz.365info.kz/saskhan-yjrek-putin-endi-khazakhstanga-shabuyl-zhasauy-mymkin-sayasattanushy-310737

Элитадағы бөлініс

Ол өзгерістер Алмазбек Атамбаев 31-мамырда Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы кезекті съезінің мінберінен жария саясаттың есігін айқара ашқан сәттен бастау алған еді. Өзінің саяси сахнаға оралуын ол қазіргі мемлекет басшысына ақыл айтып, оның саясатын сын тезіне алудан бастады. Сооронбай Жиэнбековтың өзі сабыр сақтап, Атамбаевпен бет жыртыспағанына қарамастан, оның командасындағылар экс-президенттің сөзін жауапсыз қалдырмады.

Міне, осы «қарымта» басқару элитасындағы бөліністі бастаудың белгісіндей болды. Сөйтсек, билік басындағылардың барлығы бірдей экс-президентке сөзсіз қолдау білдіретін Атамбаевтың жақтастары емес екен.

Ал Сооронбай Жиэнбеков күштік құрылымдардағы өз шептерін нығайтуды бастады.
Күштерді қайта топтастыру Ұлттық қауіпсіздік қызметі мемлекеттік комитетінің басшысы Әбдила Сегізбаевтың қызметтен кетуіне әкеліп соқты. Жиэнбековке Атамбаетан мұра ретінде қалған елдің бас прокуроры Индира Джолдубаеваның тағдыры да қыл үстінде тұр. Парламенттегі «Ата Мекен» және «Республика-Ата Жұрт» сияқты екі бірдей фракция оның есебін қанағаттанарлықсыз деп таныды.

Алайда қазір Алмазбек Атамбаевқа шынайы берілген Ұлан Исрайылов отырған ішкі істер министрінің лауазымына талас биліктегі текетірестің ең қиыны болайын деп тұрған сыңайлы.

Бұл аз болғандай, Атамбаев өз партиясында да адалдықа зәру бола бастаған сыңайлы, өйткені ол жерде балама көшбасшы ретінде Сооронбай Жиэнбековтың бауыры – Асылбек күш ала бастады.

https://kaz.365info.kz/dajyndalyndar-resej-men-akhsh-sogyskhaly-zhatyr-sarapshy-310889

Бақылаушылар парламент пен социал-демократтар партиясындағы күш ала бастаған бөлініс Атамбаев бастаған ҚСДП жетекшілік ететін басқарушы коалицияның ыдырауына әкеліп соғуы мүмкін деп болжап отыр.

Қазір сарапшылар Атамбаевтың жоспары бойынша, Жиэнбековпен текетіресте тепе-теңдікті қамтамасыз етуі тиіс болған

елдің премьер-министрі Сапар Исаковтың отставкаға кету мүмкіндігін талқылау үстінде.

Жемқорлыққа қарсы күрес – билікке қол жеткізу жолы

Елді бірлесіп басқаратын қос көшбасшының орнына Қырғыз елінің саяси жүйесі араларындағы текетірес күннен күнге ушыға беретін саяси күштер шоғырланған екі орталыққа ие болды.

Билік үшін талас жолдарының бірі болып табылатын жемқорлыққа қарсы күрестің «компроматтар соғысына» әкеліп соғатыны анық. Десек те, Алмазбек Атамбаевтың саяси бэкграундын, яғни оның білімділігін, интеллектуалдық деңгейін, өмірлік және саяси тәжірибесін ескерсек,

ол саясаттағы неғұрлым тәжірибелі және әккі  ойыншы ретінде көрінеді

Қырғызстандағы саяси күрестің күшеюі экс-президент пен оның командасының өз жақтастарын топтастыру және сыртқы қолдауды іздеу жолында Қазақстанды жағымсыз жағынан көрсетіп, саяси ұпай жинауда біраз тәжірибе жинағаны тұрғысынан Қазақстан үшін қауіпті болып тұр.

https://kaz.365info.kz/ne-bop-khaldy-khyrsykh-khyrgyz-atambaev-sayasatkha-khajta-oraldy-308952

Дегенмен билік сабақтастығындағы Атамбаев дайындаған сценарийдің кемшін, сәтсіз тұстарынан Қазақстан билігі сөзсіз өзіне қажет қорытындылар жасап, оның ішінде, еліміздегі билік транзитінің өз моделін дайындауға тиісті түзетулер енгізетіні анық.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз