Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
17
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Қайдағы емтихан? Қазақстан “қызыл аймақта!” – Білім министрлігінің шешімі депутаттардың ашуын туғызды

фото 24.kz сайтынан

2020 жылдың тамызында БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш 160 елдің миллиардқа жуық оқушысы үшін оқу процесі бұзылғанын деп мәлімдеді. Дүние жүзінде 40 миллионға жуық бала қалыпты мектепке дейінгі дайындықтан айырылды.

Сондай-ақ, ұйымның есебінде жаһандық тыйымдар бұрын-соңды болмаған жаһандық оқу дағдарысын тудырды делінген. Жалпы, әлемде үй шаруашылықтарының тек 53%-ы ғана ғаламторға қосылған. Еуропада көп, ал кедей елдерде – аз.

Бұл тұста Қазақстанның көрсеткіші орташа. Ал 2020 жылдың IV тоқсанында Қашықтықтан оқытудың алғашқы тәжірибесі онлайн-оқытудың пайдалы емес екенін көрсетті. 2020 жылы жазы бойы Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді, оқушылар мен олардың ата-аналарын қолдаудың түрлі тәсілдерін іздеді. Дау туған кездер де болды. Кейбір өңірлерде мемлекеттік сатып алу аясында аз қамтылған отбасыларға сапасыз гаджеттер сыйға тартылды. Басқаларында мемлекеттің электрондық мүліктерін сатылымға шығарды. Пандемиядан аман қалу үшін.

Тексеріс кімге керек?

2020-2021 оқу жылында қазақстандық балалар үйлеріне отырды. Оларға оқу бағдарламасын қысқартпады, БЖБ мен ТЖБ қалдырылды. Ал пандемиялық оқу жылының соңында Білім министрі тіпті “қуантты” — енді емтиханға дайындалыңдар. Депутаттар Жұлдыз Сүлейменова мен Ирина Смирнова оқушыларды аттестаттаудан бас тарту туралы ұсыныс жолдады.

– Әзірге жауап келген жоқ. Бірақ министр емтихандар толық көлемде өтетінін мәлімдеді, — дейді Ирина Смирнова. — Қазақстан жұқтыру деңгейі бойынша “қызыл аймаққа” қайтадан кірген кезде, оларға қауіп төндірудің не қажеті бар?

Жыл бойы балалар үйде отырды, қиын эпидемиологиялық жағдайда оларды емтиханға жинадың қажеті не? Тілек білдірушілер үшін ерікті түрде емтихан тапсыру мүмкіндігін қалдыруға болады

Егер, мысалы, оқушылардың бірі бағаларын түзеткісі келсе. Ал қалғандарына тоқсандық көрсеткіштері бойынша қорытынды баға қою керек. Бірақ министр келісер емес. Мұның мәні неде, білмедім.

Ирина Смирнова, фото parlam.kz сайтынан алынды

БҒМ өзін тексерсе ғой

– Қашықтан оқыту кезеңінде үлгерім бәрібір де төмендегенін түсіну керек. Мұны бүкіл әлем мойындауда.

– Балалар қашықтан оқытуға байланысты онсыз да күйзеліске ұшырады. Олардың психикасына екінші рет соққы жасаудың қажеті не? Сонымен қатар, мұғалімдермен бірге бір ғимарат ішіне топтас инфекция жұқтырудың жоғары қаупін тудырады. НЗМ-дегі емтихан осыны көрсетті.

Көптеген балаларда сапалы интернет болған жоқ – мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға қол жеткізе алмады. Ал

БҒМ елімізде онлайн оқытуға қажетті бірыңғай жұмыс істейтін платформаны қамтамасыз ете алмады

Балаларды біресе тоқтап қалатын, біресе шығарып жіберетін шетелдік ZOOM платформасында немесе WhatsApp арқылы оқытты. Не айтуға болады?

Министрлік бұл емтихандар арқылы нені тексереді? Білім беру сапасына қатысты жағдай онша жақсы емес екені түсінікті. Түсінемін, олар жалпы көріністі, қашықтықтан оқытудың қалай өткенін, балалардың алған білімдерінің сапасын білгісі келеді. Бірақ емтихандарды сол балаларды оқытқан мұғалімдер өткізеді. Оқушылардың білімін объективті бағалайтын тәуелсіз комиссиялар пандемияға байланысты болмайтын сияқты. Бір-бірімен қарым-қатынас аз болуы керек, бұл қисынды.

Егер министрлік қашықтықтан оқыту жылының сапасын бағалағысы келсе, өздері осы жылды қалай өткізгенін тексеріп, әділдігін айтсын. Себебі бізге еліміздегі барлық мектеп оқушыларын гаджеттермен және компьютерлермен қамтамасыз еттік деп айтқанымен, алты өңірде тұрмысы төмен отбасылар үшін осы техниканы сатып алуға қатысты тексерістер жүріп жатқанын білеміз. Демек, балалар ойдағыдай сабақ оқи алмаған. Сонда кімді тексергіміз келеді?

Әлемдік тәжірибе

– Министрлік 2021 жылы “Алтын белгіге” 9 мыңнан астам түлек үміткер екендігі туралы ақпарат жариялады. Қашықтықтан оқытудың сапасы қандай екенін білеміз, олар шынымен де оқу озаттары ма?

— Таяқтың екі ұшы болады. Меніңше, қазір бір нәрсеге күмәнмен қарайтын уақыт емес. Егер біреу күмәнданса, алдын-ала тексеру тетіктерін ойлап шығару керек. Ал бітуге жақындағанда не болып жатқанына күмәнданудың қажеті жоқ.

Сондықтан біз өтінішімізде НЗМ-не емтихан тапсыру кезінде болған жағдайды, емтиханнан кейін көп баланың ауырып қалғанын ескеріп, бұл емтихан өткізбеуге жеткілікті мысал екен жеткіздік.

Балаларға адамгершілік қатынас қайда? Барлығы есеп беру үшін емес, баланың мүддесі үшін жасалуы керек. Бақылау қажет болса, оны жүзеге асырудың жолдарын алдын-ала ойластыру керек еді.

Әділдік үшін айта кетейік, әлемнің көптеген елдері, әсіресе дамыған елдер, эпидемияға байланысты 2021 жылы бітіру емтихандарынан бас тартуға шешім қабылдады. Мысалы, Ұлыбритания. Британдық балалар GCSE – қазақстандық ҰБТ аналогын тапсырмайды. Оқушыларға қорытынды бағалар олардың жыл бойғы сабақ үлгерімі негізінде қойылады.

Германияда бітіру емтихандары туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Онда емтихандарды жеңілдету немесе толық жою туралы әңгімелер айтылуда.

Ресейде тоғызыншы сынып оқушылары жеңілдетілген ережелер бойынша қорытынды аттестаттаудан өтеді. Ал 11-сынып оқушылары жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлаған жағдайда ғана емтихан тапсырады. Онда да, міндетті түрде тапсырылатын пәндер саны азайтылды. Сонымен қатар, тапсырмалар саны да азайды.

Қазақстан алаңдатарлық ковидтік статистикадан әлі шыққан жоқ. Егер қорытынды аттестаттау форматын өзгерту туралы шешім қабылдамаса, одан шығуы екіталай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз