Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Қайдағы ақша?”. Димаштың әкесі қытайлықтарға бөлінген қаражат туралы айтты

Əр елдің салты басқа – Димаштың өнеріне тəнті қытайлық фирма өз жерлестеріне көмектесіп, біздің баланың атынан қаражат аударыпты. (Димаш ол деңгейге əзір жете қойған жоқ).

Бізге де, өздеріне де осылай жақсылық жасағысы келген болар…”, – деп жазды Айтбаев.

Еске салайық, осыған дейін бірқатар қазақстандық басылым қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Хунань провинциясында болған су тасқыны апатынан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсеткені туралы хабар таратқан еді. БАҚ-тардың мәліметінше, Hunan телеарнасының Weibo әлеуметтік парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Димаш Mango V қоры арқылы Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін көмек ретінде 300 мың юань (14 миллион теңге) қаражат аударған.

Бұл ақпараттың талқысында қазақстандықтар „Димаш неге ол ақшаны өз жерлестері – Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге аудармады„ деп өз базыналарын білдіріп еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз