Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
5
USD
490
+1.25
EUR
534
+3.36
RUB
4.99
-0.02

Қағаз еңбек кітапшалары қолданыста қалатын болыпты

257

Светлана Жақыпова қағаз еңбек кітапшаларын электронды форматқа ауыстыруға қатысты мән-жайды түсіндіріп берді.

«Біз айтып отырған Еңбек биржасында бүгінгі таңда 15 мың азамат өзінің жұмысын тапты. Осыған байланысты жұмыс беруші мен жұмысқа орналасушы арасында электронды түрде еңбек шарты жасалады деп мақсат қойып отырмыз. Осы орайда электрондық қолтаңба қолданылып, аталған электронды еңбек шарты жүйе архивінде қалады», – дейді вице-министр.

Оның айтуынша, қазіргі қолданыста жүрген еңбек кітапшалары цифрландырылады, бірақ барлығын электронды форматқа ауыстыру керек деген мақсат қойылмаған.

«Қазіргі кезеңде Еңбек биржасында жаңадан жасалған шарт қана электронды түрде қолданылатынын айтып отырмыз. 2025 жылға дейін электронды еңбек биржасы өз жұмысын жандандыра түседі. Ал қолда жүрген еңбек кітапшалары қалады. Негізі ертең зейнетке шыққанда, өзіңіздің еңбек өтіліңізді растайтын сол еңбек кітапшасы болады», – дейді Светлана Жақыпова.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова енді электронды еңбек биржасы базасында жаңа жүйе енгізілетінін айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз