Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Кетіңдер нақ!”. Қазақ ұлтшылдары түлектерді түрмеге тыққан сотқа қарсы шықты (видео)

122

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Атыраудағы ерсі қылықтарын түсірген видео үшін студенттерді қамап тастауды асыра сілтеу деп бағалады.

„Жас кезінде кім құтырған жоқ? Атырау жастары көпшіліктен кешірім сұрады, не керек тағы?

Енді оларды соншама қатал жазалау – болашаққа қиянат қылумен тең.

Атырау жастары – өкінбеңдер, біз сендермен біргеміз, сендерге сенеміз!„ деп жазды Facebook-тегі жеке парақшасында.

Бұл ретте „Үлкендер кішіден өшін алды, осы үлгі боларлық іс пе„ деп күйінеді саясаттанушы Айдос Сарым.

Айдос Сарым

„Заң тұрғысынан алсақ, оларды қамауға алу жөн де шығар. Оған дау айту, әрине қиын. Бір тәулікке қамау өмірдегі ең қатал жаза да емес. Мәселе, балалар одан сабақ ала ма? Жоқ. Меніңше, өзі оқыған колледжді, сот органын, олар арқылы мемлекеттік жүйені жақсы көре түседі дегенге сену қиын.

https://kaz.365info.kz/nemiz-bar-edi-atyrau-kolledzhinin-tartipsiz-tylekterin-keshirim-khytkhara-almady-video-269971

Оның үстіне екі рет жазалаған дұрыс па? Олар ел алдында кешірім сұрады. Бұл да жаза емес пе? Тіпті,

сот алдына барды делік, қазақтығымыз, үлкендігіміз қайда? Алдында бұзықтық жасап қойған балалары тұр. Оларды бірден темір торға сүйрей жөнелудің не жөні бар еді? Ең құрымағанда, өзі оқыған колледждің есік алдын сыпырсын.

Кеудесін қаққан жігіт бүгежектеп өз қатарластары алдында жұмыс істеп жүрсе, одан артық қандай ұят, қандай жаза болсын? Түрменің несі жақсы, одан адам түзеліп, мейрімді бола қоймайды„ деп жазды Айдос Сарым өзінің әлеуметтік жеке парақшасында.

Әлеуметтік желідегілерді қатты қобалжытқан жайт – полиция бөлімшесінде жақсы әңгіме болмайтыны, сондай күйге түскен студенттерге обал екендігінде.

„Балағат сөз үшін айыппұлмен құтылуға болатын еді ғой, неге бүйтті„,„Білеміз ғой оларды, жап-жас балаларды қандай елде өмір сүріп жатқанымен „таныстырған„ шығар„, „Моральдық тұрғыда сындырып жатқан шығар„ деген мағынадағы жазбаларды кездестіруге болады.

„Мықты болса неге Ниді соттамайды„ деген де наразылықтар бар.


https://kaz.365info.kz/bilim-ministrligi-ketinder-nakh-degen-tylekterdi-zhazalajyn-dep-zhyr-18-269283

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз