Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Кет қаншық…”. Енесінен қорлық көрген келіншек еріксіз ажырасқанын айтты

122

Ажырасқан қыздарға айтарым, күйзеліске түспеңдер, бекем болып, қасыңдағы баланы ойлау керек»,

— деді ол.

19 жасында күйеуге шыққан келіншек неліктен ажырасып кеткенін айтып берді. Оның сөзінше, ененің араласуынан отбасының шырқы бұзылды.

https://kaz.365info.kz/magan-ne-ajtkhanyn-bilesiz-be-psihologkha-bargan-kelinshek-shoshyp-khapty-304227

«Күйеуіммен достар арқылы таныстым. Мен оны әскерден де күттім. Бәрі жақсы болды. Ата-анасымен, туыстарымен таныстырды. Қосылуымызға ешқандай кедергі болмады. Тек күйеуге шыққаннан кейін артымнан пышақ сұққандай жағдай болды.

Енемнен қателік кетті. Менің баламнан бас тартты. Бір сөзбен айтқанда,

үйден қуып шықты. Ол кезде күйеуім жұмыста еді.

Күйеуіммен ұрысқан жоқпыз. Тату өмір сүрдік. Тек ата-енем арамызға түсті», — деді келіншек.

Бүгін Ақтөбеде Жазира секілді ажырасқан келіншектерге психологиялық көмек және алимент өндіруде ақыл-кеңес берілді. Жиынға қатысқандардың көбі — жас келіншектер.

https://kaz.365info.kz/khydasyn-korgen-kelinshek-shoshyp-ketti-oj-mynau-algi-goj-298825

Айта кетейік, ажырасқан әйелдерге іскер әйелдер көмектеспек. Олар тағдыр тәлкегіне мойымаған келіншектерге жұмыс беруге, балаларын балабақшаға орналастырып беруге, заң жөнінде кеңес беруге әзір.

АХАТ өкілі Кристина Барбарисованың айтуынша, 2010 жылғы статистикамен салыстырғанда ажырасу деректері 32 пайызға көбейген.

https://kaz.365info.kz/bas-saldy-almaty-oblysynda-zhymyskha-bara-zhatkhan-kelinshekti-zorlap-ketti-298007

«2017 жылы 1853 неке бұзылған. Ажырасуға келгенде Ақтөбе облысы 10-шы орында. Көбіне 1-5 жыл бірге тұрған жастар ажырасады. Былтыр 119 жұп қайта қосылды. Ажырасудың себептері әр түрлі. Көп жағдайда жастар арасында түсініспеушілік болады. Сондай-ақ, тума-туыстардың араласуы да ажырасуға әкеледі», — дейді Кристина Барбарисова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз