Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Кет, кет елден…”. Жиэнбеков Атамбаевты жер қылды

Олардың алғашқысы өзінің үстемдігін артырып, нығайта түсуде –

Жиэнбеков қысқа мерзімнің ішінде мемлекетті басқару аппаратындағы Атамбаевтың адамдарын биліктен аластатып, өз дегенін жүзеге асыра бастады.

https://kaz.365info.kz/zhienbekov-zhendi-ozi-akelgen-adammen-alyskhan-atambaev-endi-ne-istejdi-312694

Егер бұдан бұрын, қазіргі мемлекет басшысы алдыңғы президенттің көлеңкесінен шығып, дербес тұлға бола ала ма деген сұрақ тұрса, қазір күн тәртібіне мүлдем басқа мәселе –

Атамбаев өзінің мұрагері билігін нығайту үшін шалуы мүмкін құрбандық болудан құтыла ала ма

деген әңгіме шықты.

Бүгін Қырғызстанда орын алып жаптқан текетірес заманы билік транзитінің ең тиімді жолдарын қарастырып жатқан қазақ билігінің назарынан тыс қалуы мүмкін емес. Дегенмен Жиэнбеков-Атамбаев тәжірибесі Орталық Азияда әлі күнге дейін биліктің сабақтастығын қамтамасыз етудің тоңтайлы механизмінің қалыптаспағанын айғақтайды.

Атамбаев кімді алдамақ болды?

2017 жылға дейін Қырғызстанда кезекті басшы билікке тек революция арқылы келген-ді: 2005 жылы Асқар Ақаев тақтан тайдырылса, в 2010 – Құрманбек Бақиев биліктен қуылды. Өтпелі кезеңдегі Розы Отынбаеваның президенттігінен кейін Қырғызстан өте бір маңызды кезеңге табан тіреді – Атамбаевтың билік басынан кетуі жаңадан бастау алған тәжірибені жалғастыру керек еді, сөйтіп, билік сабақтастығын әділ сайлау қамтамсыз ету керек болатын.

Бірақ Атамбаев екі жеп биге шықпақшы болды – ол өзі көсем болатын саяси жүйе құруға талпынды.

Міне, сол сценарийін жүзеге асыру үшін ол саяси алаңды бәсекелестерден тазартуға тырысып бақты, Сөйтіп, сақтандыру элементерін анықтап, қажетті лауазымдарға өз адамдарын тағайындады. Элитадағылардың кімнің кім екенін анықтап, конституциялық реформаны жүзеге асырды. Өзімнің айтқанымнан шықпай, саяси көсемдігімді қамтамасыз етеді-ау, деген адамды да тапты. Барлығы ойластырылып, ақылмен шешілгендей болатын. Бірақ жеме-жемге келгенде, барлығы бекершілік болып, ойластырылған жоспар жүзеге аспады.

https://kaz.365info.kz/khajdan-gana-akeldim-ozim-degen-zhienbekov-atambaevtyn-byryshkha-tykhty-311024

Қазіргі кездегі Жээнбеков пен Атамбаев арасындағы бөлінушілік – бұл, шынтуайтқа келгенде, олардың соңғысы режимінің құлауын және алғашқысының режимінің орнауын білдіреді. Тек бұл жолы билік үшін күрес революция арқылы емес, жасырын күрес арқылы жүзеге асуда.

«Алыптардың» осы арпалысында Жиэнбеков Атамбаевты биліктен тайдырған аппараттық революцияны жүзеге асыра алды.

 

Осы орайда, «Жиэнбеков-Атамбаев» тіркесі Орталық Азиядағы билік транзитінің жалпы философиясын түсіну үшін өте маңызды.

Біріншіден, күшті әрі өз бетімен әрекет етуге қабілетті интитуттар болмаған жағдайда мұрагерге сенім арту, бекершілік. Өйткені барлық процесстер дара билікке бағдарланған.

Екіншіден, әрбір келесі басшы өзінің алдында болған әріптесінен алшақтық сақтауға талпынады, ал бұл өткенді тексеруге әкеліп соғады.

Үшіншіден, саяси элитаның адалдығының деңгейі билікті қолдайтындардың қаншалықты көп болатынына тікелей тәуелді.

Бастан бақ тайса…

Жиэнбеков билік басына келгенде,

оның Атамбаевтан ажырайтыны туралы әңгіме ешкімнің ойына кіріп-шықпаған болатын.

Дегенмен «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деген әңгіменің еміс-еміс естіліп қалғаны да рас. Алайда жаңа президент Ақ үйге үйренісе бастаған кезде қарама-қайшылықтар шиелінісе бастады.

Текетірестің алғашқы нышаны ақпан айында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бой көрсетті.

https://kaz.365info.kz/ne-bop-khaldy-khyrsykh-khyrgyz-atambaev-sayasatkha-khajta-oraldy-308952

Аталмыш отырыста күштік құрылымдардың жемқор басшыларын сын тезіне алған Жиэнбеков, өзінің алдында болған мемлекет басшысының саясатына күдікпен қарай бастады.

 

Одан кейін, экс-президенттің жетектеушісі саналған Фарид Ниязов президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан кетірілді. Ал наурыздағы Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) съезінде Атамбаев өз мұрагерінің саясатына наразылық білдіргеннен кейін,

экс-президенттің өзіне жақын үзеңгілестері биліктен тайдырылып, қыспаққа алына бастады.

Қаңтар айында Бішкектің жылыту отралығында (ТЭЦ) орын алған апат және одан кейін басталған тексерістер Атамбаев адамдарының басына пәле болып жабысты.

Мәселен, Аскарбек Шадиев сәуірдің басында бірінші вице-премьер лауазымынан отставкаға кетіп, ал осы айдың соңында осы мәселе бойынша қозғалған қылмыстық істің фигуранты болып, елден ізін суытты.

Ал сенімсіздік вотумына ие болған Сапар Исаков ҚСДПК-дағы Атамбаевтың орынбасары лауазымына жайғасты.Осы мәртебеге ие болған экс-премьер бірнеше рет Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне жауап беруге шақырылды.

Қубанычбек Құлматовқа (кеден қызметі басшысының лауазымынан кеткен соң) қарсы қылмыстық іс қозғалып, үйіне тінту жүргізілді.

Мұндай қыспақтан Атамбаевтың өзі де аман қалған жоқ – оған қарсы бағытталған экс-президенттерді  дербес құқықтылығынан айыру мәселесі көтерілуде.

Атап айтарлығы, бұл бастаманы экс-президенттің соңғы үміті саналаған ҚСДП партиясы да қолдап шықты.

Саакашвилидің күйін кеше ме екен?

Дегенмен, атап айтарлығы, апраттық революцияның екі тарапы да әдеп сақтап, араларында орын алған саяси текетіресті ашық айқасқа жеткізген жоқ.

Алайда ол билік үшін қазіргі саяси текетіреске бастау берген қытайлық мүдделерге ауыр соққы болып тиді

Осы орайда, назар аударар жәйт, Атамбаев үнсіздік сақтауын жалғастыруда. Қазірт ол қиын жағдайға тап болып, барлық тараптардың ортақ қарсыласына айналды.

https://kaz.365info.kz/inin-emespin-atyshuly-atambaev-tagy-ne-byldirmek-305716

Өз президенттігінің соңғы жылдары ұстанған конфронтацияға негізделген стилі өз «жемісін» беруде – қазір оны жақтаушылардың қарасы көрінбейтін болды деуге келіп қалды.

Сондықтан қазір экс-президент жағдайды кері қайтаруға тырысып бағуда.

Мәселен, ол ол өзінің арызы бойынша «Заноза» онлайн-басылымынан және құқық қорғаушы Жақыповадан өндірілген моарльдық зиянды (30 млн сом) алудан бас тартты (бұрын ол бюұл ақшаны алуға ниетті болатын).

Алайда мұндай «қайырымдылық» енді Атамбаевқа көмек бере қоймас, ол өз партиясы бас тарқан Михаил Саакашвилидің күйін кешіп, елден кетуі әбден мүмкін.

https://www.youtube.com/watch?v=04dNDy7Wefg

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз