Димаш Құдайбергенов өзіне келіп түскен ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Ол екі ел арасында ресми елші болудан бас тартты. Десе де, арадағы мәдени, шығармашылық байланысты нығайтуға барынша атсалысатынын айтты.
Қытайдағы Singer жобасында ІІ-орын алып, мұқым әлемге танылған Димашқа саяси ұсыныс келіп түскен болатын. Оған Қазақстан мен Қытай арасында ресми елші болу ұсынылды. Бірақ ол одан бас тартты.
«Бұл қызметті алуға ұмтылып жүрген жоқпын. Мен бар болғаны – әртіспін. Менің саяси білімім терең емес. Сол себепті, арадағы шығармашылық байланысты өнеріммен нығайтатын боламын», – дейді Димаш Құдайбергенов.