Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Кешір мені, ұлым…”. Мемлекеттің тегін ақшасы желкемнен шықты

244

деп жазыпты Дина құрбым.

Менің басымда да осындай жағдай бар

Ұлым сау боп туылды. Тұла бойы тұңғышым ғой. Біз қандай бақытты едік, сол кезде! Арада ай өтпей, түнде ұйқысырап отырып емізгенде қолымнан түсіріп алдым. Соның әсері болды ма, баламның тілі шығуы кешікті. Өзімен жастылар сайрап кетті. Ана болған соң, біртүрлі болады екенсің. Балам кекештеніп бір сөзді дұрыс айта алмай қиналатын. Сөйтіп жүргенде құрбы келіншектер: «ұлыңа мүгедектік алып ал. Тәп-тәуір ақша аласың. Ем-домына керек болады», десті.

Басында «сау баламды қалай мүгедек деп жаздырамын», деп жаман болдым.

Бірақ келіншектер: «арланатын несі бар. Ақшаның артығы болмайды», десті. Содан құжат жинап, комиссиядан өттік. Расында, тәп-тәуір жәрдемақы ала бастадық. Бірақ көп ұзамай ұлымның тілі түзеліп, мүдірмей сөйлей бастады. Әкесі: «баланы мүгедектіктен шығар, ақшасы құрсын. Обалына қаламыз», деп талай ескертті. Бірақ 50 мыңның көлемінде жәрдемақы алушы едік. Соны қимадым. «Кейін есейе келе мүгедектіктен шығарып алармын. Мемлекеттің тегін ақшасы ғой. Қажетімізге жарата берейік», деп жүре бергенмін. Бір күні күйеуім ішіп келіп, үйде болымсыз нәрсеге жанжал болды. Қолындағы шай толы кесені маған жіберіп қалған. Еңкейе қалып едім, қабырғаға соғылып, талқан болды. Жанымда ұлым тамақтанып отырған. Кесенің қабырғаға соғылып, талқан болғанын көрген балам қорыққанынан шыңғырып жіберген еді. Артынан көгеріп-сазарып үнсіз қалды.

Содан бері балам тілсіз қалды. Қаншама дәрігердің алдына бардық. Қайыр болмады.

Балгер-тәуіптерге бардық. «Бала қорыққаннан тілі байланып қалған. Жағдайы қиын», десті олар. Осылайша сау баладан мүгедек жасап, ақша аламыз деп жүріп, шын мүгедек балаға айналдырдық. Кімді кінәларымызды білмейміз. Қолдан келер не шара? Мылқау боп қалған баламыздың бетіне қарап, күн көріп жатырмыз. Қиналамыз, жылаймыз. Қолдан басқа не келеді…

Осы әңгімені айтқан әйелді және оның баласын көлігіме мінгізіп, қаланың сырт жағындағы бір тәуіпке жеткізіп тастағанмын. Басынан өткен жайды жылап отырып әлгі әйел маған айтқан еді.

«Баланы емдетемін деп, бармаған жеріміз жоқ. Қаншама қаржы кетті. Оны қойшы! Ең бастысы – ұлымыздың тілі шықса екен. Міне, тағы бір тәуіпке келе жатырмыз. Ұлымның тілі түбі шығады деп үміттенемін», деп еді әлгі келіншек көліктен түсіп жатып.

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз