Кеше кешкісін Алматының аспанында күн қатты күркіреп, найзағай толастамай жарқылдады. Әлеуметтік желілердің қолданушылары табиғаттың бұл тосын мінезін суретке түсіріп, Интернетке салған екен.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, найзағайдың кесірінен Алматы көшелерінде жексенбі күні 40-қа жуық жақын бағдаршам істен шығыпты.
Синоптиктердің болжамынша, Алматыдағы толассыз шауын-шашын кезеңі мамырдың 20-сынан кейін аяқталуы тиіс.