Әншінің жұмысы қиын. Бірнеше мың көздердің алдында ән шырқаумен қатар, халық көңілін аулап та жүру керек. Бірақ, құламай жүру керек.
Кентал 2000-шы жылдары біраз танымалдылыққа ие болған жұлдызды жоба “Super StarKZ-те” өнер көрсеткеннен бастап, сахна Кентал үшін екінші үйіне айналды.
Әншіні тойларда ғана емес, ашық концерттерде де жиі көреміз.
Жақында ғана Өскеменде жанкүйерлеріне қол созамын деп, аяқ астындағы бөгетті көрмей, Кентал құлай жаздады. Құлай жаздады. Құлаған жоқ. Десе де, әншінің бұл қылығын желідегілер “масқараға” балаған.