Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Кения халқы президентті қайта сайлау кезінде ереуілге шықты

«Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құқық қорғау күштері ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданған. Елдің батысында тіпті сайлау учаскелері ашылмаған. Алайда учаскелердің 80 пайызы елдің қалған аймақтарында жұмыс істеп жатыр.

Мулле Мусау,  Election Observation Group өкілі:

– Елдің кейбір аудандарында дауыс берушілерге қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Олар қорыққандықтан дауыс беруге бармайды. Бұл сайлаудың әділетсіз өтіп жатқанын білдіреді.

Еске сала кетейік,

тамыздың басында Кенияда президент сайлауы өтті. Қазіргі президент Ухуру Кениата дауыстың 55 пайызын жинап, жеңіске жеткен еді.

Алайда елдегі наразылық шараларынан кейін Жоғарғы сот сайлау қорытындысын заңсыз деп танып, оның күшін жойды.

Оппозиция көшбасшысы Раила Одинга дауыс беру процесіне бойкот жариялауға шақыруда. 8 тамыздан бері қақтығыстар салдарынан 50-ге тарта адам ажал құшқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз