Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Кеңес заманындағы “белбеумен тәрбиелеу” түсінігінен арылуымыз керек — сарапшы

244

InterContinental Almaty қонақ үйінде бір жарым жасар қыздың өлімі жұртшылықтың жағасын ұстатты. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әкесі, Ұлыбритания азаматы қамауға алынды. Анасы — Қазақстан азаматшасы. Белгілі болғандай, әкесі баланы қатты соққыға жыққан.

Агрессивті орта

Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар Қазақстан үшін сирек емес. “НЕ МОЛЧИ КZ” қоғамдық қорының басшысы Дина Смайылованың пікірінше, бұған заңнамадағы олқылықтар және қоғамның зорлық-зомбылыққа төзімділігі себеп. Өйткені, егер шетелдіктің өзі бөтен елде бассыздыққа барса, жақындарын азаптаудан тайсалмайтын Қазақстанның кейбір азаматтары не айтуға болады?

— Мәселе мынада — қоғам зорлық-зомбылыққа төзімділікпен қарайды. Бізде балаларды ұрып-соғып жазалауға мүмкіндік бар. Және мұндай жаза, көпшіліктің пікірінше, тәрбиелеу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осылайша, біз қоғамда агрессивті ортаны өсіреміз.

Әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазалау шаралары жеткіліксіз ойластырылған

Мысалы, ұрып-соғу үшін бізде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, бірақ іс жүзінде барлығы айыппұлмен жабылады. Адамның жеке басы, бала немесе әйел болса да, заң тұрғысынан құрметтен айрылды. Барлық жерде жазасыздық байқалады, – деп атап өтті ол.

Заңнамада не жетіспейді?

Бірінші кезекте, Смайылова атап өткендей, балаларды қорғауды қамтамасыз ету үшін заңнамаға түзетулер енгізу қажет. Бүгінгі күні ҚР “Бала құқықтары туралы” Заңының 10-бабында::

• мемлекет баланың жеке басына қол сұғылмауын қамтамасыз етеді,

• оны физикалық және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықтан қорғауды жүзеге асырады,

• қатыгез, өрескел немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерге тыйым салынады,

• сексуалдық сипаттағы әрекеттерге тыйым салынады,

• қылмыстық іс-әрекетке тарту және қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

Бірақ, қоғам қайраткерінің пікірінше,

балалар құқығын бұзғаны үшін жазаны егжей-тегжейлі жазу керек

Бас прокуратура “жыныстық зорлық туралы” заңды қарастырып жатыр. Онда балаларға зорлық-зомбылық жасалғаны туралы фактілерді жасырғаны үшін 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылады.

Бүгінде мектептер, медициналық мекемелер және ата-аналардың өздері баланың жыныстық зорлық-зомбылықты бастан кешкенін жасыруы жиі кездеседі. Бірақ, сондай-ақ

физикалық күш қолданғаны үшін ата-аналарды да, педагогтарды да жазаға тарту қажет

Мектептерде балаларға жиі дауыс көтереді, бүкіл сыныптың көзінше кемсіте алады. Кейде мұғалім тіпті оқушыға қол көтеріп, бұрышқа қоя алады, — дейді “НЕ МОЛЧИ KZ” жетекшісі.

Сыбайластық

Смайылованың айтуынша, қоғамның енжарлығы проблемасын тереңдете түседі. Осының салдарынан балалар зардап шеккен жағдайлар одан әрі көбейе түспек. Мысал ретінде ол алты жыл анасынан соққы көріп келген Диана деген қыздың оқиғасын келтірді. Бұл ретте қыздың айқайлаған дауысын көршілері бірнеше рет естіген, бірақ ешқалай әрекет етпеген.

— Осы оқиға арқылы органдардың қызметкерлері өз міндеттеріне немқұрайлы қарайтынына көз жеткіздік

Себебі олар баланы әрдайым садист-анасынан қайтарып отырған. Қамқоршылық және қорғаншылық органдары да, мектеп де, ювеналды полиция да, учаскелік полиция да — ешқайсысы қызды қорғау үшін ештеңе істемеген. Мұның барлығы ата-ана құқықтарынан айыру механизмі ойластырылмағанының айқын мысалы болып табылады.

Жалпы, жеке адамға қарсы қылмыс жасаған кез келген адамды ата-ана құқығынан айыру керек. Мұндай адамға бала тәрбиесіне сенім артуға болмайды, – деді қоғам қайраткері.

Агрессия ерлерден бола ма?

Дианамен жағдайда изувер анасы болғанымен, Дина Смаилова балаларға қатысты агрессияны 80% ер адамдар танытатынын айтады.

— Тіпті түрмелерде балаларға қатысты қылмыстары үшін жиі ер адамдар отырады, себебі көптеген адамдар істі “жұдырықпен” шешуге үйренген. Ал әйелдер көбінесе эмпатияға бейім, оларда аналық түйсігі дамыған.

Батыс және Еуропа елдерінде ерлердің агрессиясымен бала кезінен жұмыс істейді

Егер кенеттен баланың бойынан айналасындағыларға қандай да бір агрессивті мінез-құлық байқалса, оны бірден құтқаруға кіріседі. Психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қосылады, бұл жұмыс ата-аналармен бірлесе жүргізіледі. Біздің қоғамда агрессормен ол қалыптасып, ер жеткен кезде жұмыс істейді. Ал зорлаушыны емдеу агрессияға бейім баланы емдеуден әлдеқайда қиын, — деп атап өтті сарапшы.

Әйел психотравмалары

Психолог Ирина Волкова, керісінше, ерлерге қарағанда әйелдер өз балаларын жиі ұрып-соғатынын айтады. Егер зорлық-зомбылық әкеден туындаса, онда бұл көбінесе психотроптық заттардың әсерінен болады немесе бұл ішімдікке тәуелділігінің психикалық салдары.

— Ер адамдар табиғатынан мықты және төзімді келеді. Әйелдер эмоцияға бейім және кейбірі физикалық күш және психологиялық қысым жасау арқылы балаларына зорлық-зомбылық көрсетеді. Ал балалар — қоғамның осал бөлігі ретінде жауап бере алмайды және қорғала алмайды.

Өз балаларына қатысты агрессияның себебі ашу-ыза, психотравма болуы мүмкін

Мүмкін, бала кезінде әйелге де зорлық-зомбылық көрсетілген шығар. Өкінішке орай, “бала кезде үлкендер ұрғанынан адам болдық” деген тұжырым әлі де өзекті.

Бірақ баланы тәрбиелеу ең алдымен оның жеке басын құрметтеуді көздейді. Бізде бұл декларативті түрде қарастырылған, ал іс жүзінде көрінбейді. Қазіргі қазақстандық қоғамда көптеген жас әйел баланы сүймеген адамнан табады немесе жалғыз өсіріп жатады. Бұл жағдайда

анасында балаға деген түпсаналық жақтырмау болуы мүмкін

Бұл ретте әйел сәбидің кінәлі емес екенін толық түсінеді және ол оны жақсы көреді, бірақ бір мезгілде пайда болатын ашуды жеңе алмайды. Және бұл жиі посткеңестік қоғамда орын алып жатады, өйткені бізде әйел өз-өзіне жеткілікті емес және Еуропаға қарағанда ер адамға тәуелді, — дейді Волкова.

Қоғамдық санадағы өзгерістер

Дина Смайылованың пікірінше, балаларды тәрбиелеуде біздің қоғам “Үздік тәрбиеші” белбеу болатын Кеңестік өткеннің үлгісінен қашу керек.

— Біз 21 ғасырда өмір сүреміз: ата-аналардың тәрбие бойынша әртүрлі әдебиеттерді оқып, осы тақырып бойынша соңғы зерттеулерден хабардар болу мүмкіндігі бар. Олардың көпшілігінде бұл

балаларды ұруға мүлдем болмайды, себебі салдары қайтымсыз — зорлық-зомбылық зорлық-зомбылықты тудырады,

– деп атап өтті Смаилова.

Ирина Волкова, өз кезегінде, зорлық-зомбылық, соның ішінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық қоғамда азаю үшін, жұртшылыққа қайғылы оқиғалар туралы айтып қана қоймай, қалай аяқталғаны туралы да хабардар ету керек деп есептейді.

— Адамдар балаға қатысты қылмыс жасаған қылмыскер сотталғанын міндетті түрде білуі тиіс

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз