Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Кеңес Рақышев Qazkom директорлар кеңесі құрамынан мерзімінен бұрын босатылды

“Қазақстанның Халық Банкі” АҚ-ы ірі акционерінің кеңесі ескеріліп, “Казкоммерцбанк” АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамына үш жылдық мерзімге алты тұлға сайланды. Директорлар кеңесінің құрамын бекіту туралы өзге де ұсыныстардың болмауы назарға алынып, ірі акционердің ұсынысы бойынша келесі тұлғалар “Казкоммерцбанк” АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшелері болып сайланды, олар:

– Ульф Вокурка; – Елемесов Асқар Раушанұлы;

– Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы;

– Дунаев Арман Ғалиасқарұлы;

– Қарпыкова Әлия Сәкенқызы;

– Кішкімбаева Сәуле Бахыткерейқызы.

Солардың ішінде Елемесов Асқар Раушанұлы, Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы және Дунаев Арман Ғалиасқарұлы Қазкоммерцбанктің басқару органына тәуелсіз директорлар ретінде, ал Қарпыкова Әлия Сәкенқызы “Қазақстанның Халық Банкі” АҚ-ы акционерінің өкілі ретінде сайланды. Банк акционерлері сондай-ақ ҚКБ Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сыйақысының мөлшері мен төлемнің шарттарын қарастырып, бекітті.

Сонымен қоса, акционерлер ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына сәйкес “Казкоммерцбанк” Директорлар кеңесінің келесі мүшелерінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, олар:

– Директорлар кеңесінің төрағасы – Рақышев Кеңес Хамитұлы мырзаның;

– Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, тәуелсіз директор – Аханов Серик Ахметжанұлы мырзаның;

– Марк Хольцман мырзаның ;

– тәуелсіз директор – Махат Рашит Мукамарович мырзаның;

– акционердің өкілі – Әбдуов Нұрлан Қанатұлы мырзаның.

Акционерлер жиналысы күн тәртіптегі соңғы сұрақты, яғни банкпен “БТА Банк” АҚ-ы арасындағы мәміленің бекітілуін назарға алды. Аталған мәміле “Казкоммерцбанк” АҚ-ы Банкпен ерекше қатынастағы тұлғаларға (тұлғада) – “БТА Банк” АҚ-на ұсынылған (орналастырылған) активтерге қатысты талап ету құқығынан бас тарту шартын қарастырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз