Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Кемшіліктер бар”. Сағынтаев барлық ауруханаларды жұмылдыру керек екенін айтты

Сонымен қатар Премьер-министр вакцинациялау мәселесінде нақты әрі дұрыс ақпарат жоқтығын айтты.

«Вакцинаны егу керек пе, жоқ па?» деген сияқты сауалдар қойылып жүр. Кеше бір үлкен кәсіпорынның басшысы келіп «Жұмысшыларымның бәріне егу жұмысын жүргіземін бе, жүргізбеймін бе?

Маған ашып айтыңыздар. Өйткені, жұмысшылар арасында алаңдаушылық басталды» деді.

Осындай сұрақтарға жауап беріп, түсіндіріп жатқан ешкім жоқ. Вакцинаны өз еркімен алу мәселесі халықтың арасында күннен күнге көтеріліп келеді.

Оның бағасы бір облыста 40 мың теңге, ал екінші облыста 20 мың теңге тұрады» деді Үкімет басшысы.

Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ менингит симптомы бар науқастарды өзі тіркелген жерге апарып, уақыт жоғалтудың дұрыс еместігін айтты.

«Облыстық науқас, қалалық науқас деп ауруханалар қабылдамайды. Мұндай мәселелерді оперативті шешу керек қой, Елжан Амантайұлы. Кеше оқып отырмыз, бір кісі баласынан үш сағатта айырылып қалған.

Талғардан Қаскелеңге жеткенше қай заман? Неге оны Алматыға жатқызу болмайды? Неге осындай мәселелерді жедел тапсырма беріп шешпейсіздер?

Немесе әкімдерге айту керек, барлық ауруханаларға осы инфекциямен келген адамдарға жедел көмек беруді тапсыру керек. Бұл жөнінен жұмыста

кемшіліктер бар, Елжан Амантайұлы» деді Премьер-министр.

Бақытжан Сағынтаев менингит мәселесі бойынша қажетті шешімді қабылдап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз