Қала тұрғындары ресми деректерге сенбей, өрттен қаза болғандардың саны әлдеқайда көп деп отыр, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
https://kaz.365info.kz/kinalimin-aman-toleev-putinnen-keshirim-syrady-308016
“Жаңа ғана мәйітханада болдық, санап шықтық. Қаза болғандардың тізімін қарап шықтым. Бүкіл бөлме, дәретхана, жертөле, шатыр, гараж, көліктер – бәрін тексердік. Тізім бойынша қарадық, тізімде 64 адам болды”, — деді тексеруші топтың ішінде болған тұрғындардың бірі.
Наразылық танытып, дауыстай бастағандарға ол:
“Тұра тұрыңыздар, біз сіздер секілдіміз, бізді өздеріңіз жіберген жоқсыздар ма?!”, — деді.
https://kaz.365info.kz/pavlodarlykh-otbasy-kemerovadagy-ortte-khaza-tapty-307968
Қаланың орталығындағы митинг бес сағаттан бері жүріп жатыр.
Кемеровода “Зимняя вишня” төрт қабатты сауда орталығында жексенбі алапат өрт шықты. 64 адам қаза болды, олардың ішінде балалар көп. 13 адам ауруханада жатыр. Осы оқиғаға қатысты бірнеше адам ұсталды.