Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Келіп тұрған бақ…”. Ерке Есмахан өзін актерлік мамандығы жоқ дегендерге жауап берді

379

Ерке түсірілім барысында, Асқар Ұзабаевпен жұмыс кезінде кездескен қиыншылықтар, кино саласына қатысты алдағы жоспары жайлы “Түнгі студия” бағдарламасына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz

Еркенің айтуынша, фильмнің сценарийін 4-5 адам бірігіп жазған. Оның ішінде режиссер Асқар Ұзабаев та, продюсер Ерке Есмахан да бар. Ал Ұзабаевпен жұмыс істеуді Ерке о баста мақсат тұтыпты.

“Фильмнің атқарушы продюсері – Гүлнұр Мамасарипова. Ол бірден ескертті. – Ерке, сен шыдайсың ба? Ерке қызсың, ал Асқар өте қатал, көңіліңе тиетін сөздер айтуы мүмкін. Ол Ерке Есмахансың ба, басқасың ба, қарамайды, – деді.

Әр нәрсенің сондай қиыншылығы болуы керек. Керісінше, мен бірінші рет кинода ойнайын деп жатырмын. Сондықтан да Асқар маған талап қойса, оның бәрін орындасам, ол қызықты болады.

Керісінше менің айтқанымнан шықпаса, мен ойыма келгенді жасасам, кино болмайды. Режиссер өзінің жұмысын білетін болған адам болғаны жақсы”, – деп түсіндірді Ерке.

Әнші әрі продюсер өзге әріптестерінен қалыспай, болашақта өз өмірі туралы фильм түсіруі мүмкін. Әйтсе де алдын ала жоспар құрмайды. Қазіргі мақсаты – алғашқы картинаның қаншалықты табысты болатынын көру.

“Өзімнің өмірім туралы фильм түсіретін болсам, өте қызықты болады. Мен негізі дайынмын. Бірақ ол қандай жанр болады екен, сол қызық. Бәрі қосылған болатын шығар”, – деп күлді Ерке.

Бұдан бөлек, Ерке “Махаббат кафесі” мен бұрынғы ұстазы Баян Алагөзованың “Махаббат станциясы” фильмі қаншалықты ұқсас болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді.

“Махаббат станциясы” фильмінің түсіріліп жатқанын біз білген жоқпыз. Өздеріңіз түсіне жатарсыздар, неге ол кафенің аты “Махаббат” екенін.

Бір айтарым, ол киноға қарындарыңызды тойдырып келіңіздер. Өйткені қаншама тамақ көрсетеміз. Сондықтан кинода отыра алмай, шығып кетулеріңіз мүмкін.

Поп-корндарыңызды алып, тамақтарыңызды әкеліп болмаса үйден тойып келіңіздер”, – дейді Ерке Есмахан.

Сондай-ақ, Ерке “дипломсыз актриса” деп сынағандарға жауап берді.

“Актер болу үшін де, әнші болу үшін де әрине, білім керек. Біраз қазақта “таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін” деген сөз бар.

Бақ келіп тұрғанда, қалай сен оның көкірегінен итеріп жібересің?

Егер де өзіңнің талантыңмен, қолыңнан келетін дүниемен бағың ұштасып, халықтың көңілінен шығып жатсаң, бұл өте бір керемет дүние”, – деп түсіндірді Есмахан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз