Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Келесі жылы 1-сыныпқа баратындарды тағы бір өзгеріс күтіп тұр

441

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында Білім және ғылым вице-министрі Элмира Суханбердиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017-2019 жылдары барлық мектепті кең жолақты интернетке тегін қосуға  қаржы қарастырылған. Бұл ретте кейбір өңірлерде мектептердің кабельдік интернетке қосылмауына байланысты 2017 жылы 2756 мектеп, 2018 жылы 460 мектеп спутник байланысы арқылы интернетпен қамтамасыз етілді. Білім беруді цифрландыру аясында мектептердің 95 пайызы интернетке қосылатын болады», – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Оқушылар сарайлары мен  3 мың мектепте робототехника бойынша элективті курстар енгізілді. Робототехника кабинеттерін жабдықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

«Биыл информатика пәні 3-сыныптан басталды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында информатика сабағы келесі жылдан бастап 1-сыныптан оқытылады. Олардың бағдарламасы дайындалып жатыр.

Сонымен қатар барлық өңірде 21 ІТ-лицей ашылды», – деді Элмира Суханбердиева.
Еске салайық, Астанада өткен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев информатика пәні 1-сыныптан бастап оқытылуы мүмкіндігін айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз