Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Катардан жіберілген гуманитарлық жүкке қатысты дау: дәріханадағы қораптар шейхтің көмегі болмай шықты

221
Дәріханадағы қораптар.  Суретті Наргиз Северная түсірген.

8 шілдеде журналист Наргиз Северная өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Алматыдағы дәріханалардың бірі жабылғаннан кейін асығыс бір қораптарды кіргізіп жатқанының куәсі болды. Олардың кейбірінде Qatar Airlines деген жапсырмалар болды .«Мен бұл қораптарға ешқандай назар аудармайтын едім. Бірақ! 2020 жылдың 21 мамырында, бір айдан астам уақыт бұрын астаналық әуежайға гуманитарлық көмек мақсатында жіберілген жүгі бар Катар корольдік авиажелілерінің Dreamliner арнайы борты келіп қонды. Катар шейхы Тамим бен Хамада Аль-Тани  8,4 тонна қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмек препараттарын жолдады», — деп жазды журналист. —

Тамим шейхы өзінің жіберген көмегін таратудың орнына, еш ұялмастан алып-старлық бағамен сатады деп ойламаған да шығар

ен бұл жай ғана кездейсоқтық болса екен деп үміттенемін. «СК-Фармация»,  сіздер гуманитарлық көмекті сатасыздар ма?..».

Наргиз Северная келесі күні дәріханаға барып, құпия қораптарды суретке түсіріп алған.

50 күн күту керек

Дәрі-дәрмектер жетіспей жатқан кезде жариялаған даулы мақаламыз қызу талқыға түсті. Оның ішінде «СК-Фармация» ЖШС-нің түсініктемесі де бар.

«Жаңа коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қазақстанға келіп түсетін гуманитарлық көмек өңірлер арасында біркелкі бөлінеді, тауарларды алу мен жөнелту қатаң тіркеледі және қадағаланады», — деп жауап берді «СК-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Инкар Мирьякупова. — «Сақтау қоймалары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, қабылдау кезінде медициналық ұйымдар алынған тауарды қатаң тексеріп, жүкқұжаттармен салыстырады, жауапты тұлғалар қабылдау-тапсыру актілеріне қол қояды.

Қазақстанға Катардан  гуманитарлық көмек мақсатында келесідей медициналық бұйымдар келіп түсті және төмендегідей бөлінді:

  • 22 мың бір реттік қорғау маскалары;
  • N95 медициналық қорғаныш маскалары саны 67 000 дана;
  • Бір реттік маскалар 175 x 95 mm саны 74 000 дана;
  • Хирургиялық маскалар 17.5 cm x 9.5 cm саны 20 000 дана;
  • Медициналық қорғау маскалары N 95 саны 2 500 дана;
  • LONNY Медициналық бір реттік маскалар саны 39 825 дана.;
  • Қорғаныш санитарлық маскалар 17.5 cm x 9.5 cm саны 119 918 дана;
  • Бет маскасы 17.5 x 9.5 cm саны 96 000 дана;
  • 3 900 дана мөлшерде бір реттік қорғаныш бетперделері;
  • Пластикалық маскалар саны 9 350 дана;
  • 330 x 220 mm пластикалық маскалар саны 2 880 дана;
  • Арнайы костюм 175 (L) саны 560 дана;
  • Қауіпсіздік костюмі 185 cm (XXL) саны 40 дана;
  • Медициналық қорғаныш костюмі (бір рет қолданылатын 170, 175, 180 cm) саны 2 760 дана;
  • Хирургиялық Костюм (L) саны 32 600 дана;
  • 29 990 дана көлемінде OBAOLAY қорғаныш көзілдірігі.

Қазіргі уақытта Катардан гуманитарлық көмек ретінде алынған барлық тауар «СК-Фармация» ЖШС қоймаларында және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген бөлуге сәйкес медициналық ұйымдардың мекенжайына жөнелтуге дайын. Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде Катар тек медициналық бұйымдар жібергенін атап өткен жөн. Катардан гуманитарлық көмек ретінде дәрі-дәрмек түскен жоқ».

Кешіктіріліп берген уәкілеттік

«Біз Инкар Мирьякуповадан бұрын басқа елдерден Қазақстанға жіберілген гуманитарлық көмекті қалай үлестіріледі? Неліктен салмағы 8,4 тоннадан артық катарлық жөнелтілім әлі күнге дейін «СК-Фармация» ЖШС қоймасында жатыр?» деген сұрақтарды қойдық.

— Неге катарлық жүкке қатысты 50 күн бойы шешім қабылданбаған?

— Ол 21 мамырда келді. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бізді төтенше жағдай кезінде гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу жөніндегі оператор етіп тағайындады. 11 мамырдан кейін, ТЖ режимінің жойылуына байланысты, біздің оператор ретіндегі өкілеттігіміз тоқтатылды. Тек 4 маусымда ғана ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен қайтадан оператор ретінде тағайындады.

— Бұл жүк сонда 4 шілдеге дейін қайда болды?

— Ол біздің қоймада болды. Оны қабылдадық, біріншіден, біздің уәкілеттігіміз жоқ болмағандықтан  оларға билік ете алмадық. Екіншіден, Катар бізге жүкпен бірге медициналық бұйымдарға қажетті барлық құжаттарды жібермеді. Біз сұрау жібердік.

Тек 25 маусымда ғана біз Катардан жіберілген медициналық бұйымдар Қазақстанда қолдануға жарамды және барлық стандарттарға сәйкес келетіндігі туралы құжаттар алдық

Яғни, әзірге біз барлық құжаттарды жинап, гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу жөніндегі оператор өкілеттігіне ие болдық. Бұған дейін Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде келіп түскен жүктер  жеткізілгеннен кейін санаулы күндері тең мөлшерде өңірлерге үлестірілді.

Қатардағы қазақстандықтарға осы гуманитарлық көмек берілді ме?

— Жоқ. Біз жүкті өңірлік денсаулық сақтау басқармалары бойынша бөлдік. Ал олар өз қалауы бойынша коронавирус инфекциясымен күрес жұмысына тартылған медициналық ұйымдарға береді.

— «СК-Фармация» ЖШС-ға қарсы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тексеру басталды. Солай ма?

— Бұл жоспарлы тексеру. Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты сәуір айында жүргізілмеген еді.. Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган біздің Алматыдағы қоймамызда  жұмыс істеуде.

Бұл қандай қораптар болды?

Осында түсініктеме берілгеннен кейін қарапайым алматылық дәріханада Qatar Airways жапсырмасы бар қораптар қайдан жүр деген сұрақ туындады.

Europharma қоймасындағы ішінде ципролет салынған ұқсас жапсырылған қораптар

—  Біз БАҚ өкілдерінен сұрақ түскеннен кейін тексеру жүргіздік. Алдын ала айтайын, бұл қораптар біздің қоймада алынды және дәрі-дәрмектерді дәріханаға тасымалдау үшін пайдаланылды, — деп түсіндірді Europharma дәріхана желісінің өкілі, Маркетингтік коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Роман Ким. — Егер фотосуреттің авторы басқа ракурстан суретке түсірсе, қораптар

Dr. Reddy’s атты үнді өндірушісі жіберген Ципролеттің қаптамасы екенін түсінер еді. Біз оларды дистрибьютордан 2020 жылдың 02 шілдесінде сатып алдық

Ол, өз кезегінде, оларды Qatar Airways ұшақтарында тасымалдаған, бұны қораптардағы маршруттық жапсырмалардан көруге болады. Бұл қораптардың гуманитарлық көмекке қатысы жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз