Kaspi Bank банкке басып кіріп ақша алып кеткен ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 000 000 теңге төлейтінін мәлімдеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 22 тамыз күні Талғар қаласында болған еді. Шатыр арқылы басып кірген екі ұры, қызметкердің аяғын байлап, кассадағы ірі көлемдегі қаражатты жымқырып кеткен.
Ұрылар туралы білген адам мәліметті банктің қауіпсіздік нөміріне хабарласып айта алады: +7 747 388 29 34.